Page 3 - Документ
P. 3
жұмысының тиімділігінің төмендігі, қағидалардың жетілдірілмеуі, сондай-ақ ҮЕҰ
қызметін мемлекеттік қолдауды жүргізу рәсімдерінің ашық еместігі, азаматтық қоғам
мен азаматтардың бастамаларына халықтың кері байланысының төмендігі ҮЕҰ
жұмыстарына тартылуы (пәрменді кері байланыстың болмауы, мемлекеттік
органдардың функцияларының қайталануы, АЖ-ның жеткіліксіз интеграциялануы
және т.б.)
Тұтастай алғанда, мемлекеттің үшінші сектормен өзара іс-қимылын дамыту
саласындағы әртүрлі ғалымдар зерттейтін мәселелердің кең ауқымына қарамастан,
үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың цифрлық платформасын әзірлеу, ҮЕҰ
электрондық есепке алу жүйесі мен дерекқорын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік
органдар мен ҮЕҰ кері байланысын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар мен
ұсынымдар осы уақытқа дейін қолданыста әзірленбегенін атап өткен жөн. Осы
зерттеуде осы ғылыми-әдістемелік олқылықтың орнын толтыруға әрекет жасалуда.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында мемлекет пен үкіметтік емес
ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
Мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттерін шешу керек болды:
мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс қимылының заманауи
тұжырымдамаларын зерттеу;
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласындағы осы мәселе бойынша халықаралық
тәжірибені зерделеу;
Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының
қолданыстағы тетігін талдау;
Қазақстан Республикасында мемлекет пен ҮЕҰ-ның үлгілік өзара іс-қимыл
алгоритмін әзірлеу және мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау;
Қазақстан Республикасында мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылындағы
негізгі проблемаларды айқындауға әрекет жасалды;
мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру жөнінде Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамаларына өзгерістер енгізу ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу нысаны мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимыл тетігі.
Зерттеу пәні мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның қаржылық,
ұйымдастырушылық, цифрлық және өзара іс-қимыл құралдары.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасы: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, азаматтық қоғамды және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық
бірлестіктерді дамыту саласындағы қоғамдық қатынастарды регламенттейтін заңнама,
сондай-ақ зерттеу нысанасына жататын және мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын
іске асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-
құқықтық актілері мен құжаттары.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық базасы
қазақстандық және шетелдік ғалымдардың елдегі азаматтық қоғамның дамуы туралы
материалдары мұқият зерделеніп, жұмыста ұсынылды. Барлығы мемлекет пен ҮЕҰ
өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған 50-ден астам
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар зерделенді. Зерттеу ғылыми танымның
диалектикалық әдісіне, сондай-ақ талдау, индукция, дедукция, болжау және
басқалардың жалпы ғылыми әдістеріне негізделген. Мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-
қимылын трансформациялау мәселелерін зерттеу үшін әртүрлі әдістер қолданылды,
соның ішінде SWOT талдауы және күш өрісі және лотос гүлі цифрлық өрістегі іс-
шаралар және гранттарды беру процесіне BPMN арқылы бизнес-процестеріне
ұйымдастырушылық модельдеу жүргізілді. Әдістердің бұл кешені бізге нақты