Page 49 - ЭПК
P. 49

4. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  мемлекеттік  функцияларды  жүзеге  асыру  және  азаматтар  мен  бизнестің
                  мүдделері  үшін  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  үшін  билік  органдары
                  пайдаланатын  негізгі  цифрлық  технологиялар  мен  технологиялық  шешімдерді
                  зерттеуге бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Негізгі  мемлекеттік  ақпараттық  жүйелермен  жұмыс  істеуді  біледі,  Электрондық
                  платформаның,  оның  ішінде  Ашық  үкіметтің  мүмкіндіктерін  біледі,  әртүрлі
                  цифрландыру  жобаларын  біледі,  атап  айтқанда,  smart  city  тұжырымдамалары
                  аясында;  мемлекеттік  басқаруда  мемлекеттік  цифрлық  платформаларды,
                  жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдалану ерекшеліктерін біледі.

                  5. Инвестициялық процестерді басқару
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс инвестициялық жобалардың, соның ішінде МЖӘ жобаларының нәтижелері
                  мен тәуекелдерін талдау және  бағалау дағдыларын дамытуға, өңірлердің ESG
                  қағидаттарын  ілгерілету  негізінде  жасыл  жобаларға  инвестиция  тарту
                  мүмкіндіктері;  елдегі  инвестициялық  белсенділікті  бақылау;  инвестициялық
                  процестерді  басқаруды  оңтайландыру  жөніндегі  іс-шараларды  әзірлеуге
                  бағытталған;
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Инвестициялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  шараларының  тиімділігін  сыни
                  тұрғыдан  талдау  және  бағалау  қабілетін  көрсетеді;  инвестициялық  жобаларды
                  әзірлеу  және  бағалау;  ел  аймақтарындағы  МЖӘ  жобаларының  тиімділігін
                  бағалау;     ESG     қағидаттарын      ілгерілету    негізінде    «жасыл»      жобаларға
                  инвестицияларды         тарту    бойынша       өңірлердің     мүмкіндіктерін      бағалау;
                  инвестициялық  процестерді  басқаруды  оңтайландыру  шараларын  әзірлеу
                  қабілетін көрсетеді
   44   45   46   47   48   49