Page 46 - ЭПК
P. 46
процестерді интернационалдандыру болып табылады.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Макродеңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін экзогендік және
эндогендік экономикалық өсу, экономикалық дағдарыстар және мемлекеттің
мінез-құлқы үлгілерін қамтитын жүйелік динамикалық модельдерді қолдануды
біледі. Жабық және ашық экономикалардағы және әртүрлі уақыт кезеңдері үшін:
қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде әрбір саясаттың
әсер ету механизмдері мен салдарларының егжей-тегжейлі сипаттамасын
қамтитын макроэкономикалық саясаттың әртүрлі нұсқаларын талдау
тәсілдерінің әдіснамасын меңгереді.
4. Талдаудың сандық әдістері
Кредиттер саны 3
Семестр 3 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс магистранттарда қазіргі ақпараттық технологиялардың жұмыс істеу
принциптері және оларды кәсіби қызмет мәселелерін шешу үшін пайдалану
туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған; кәсіби есептерді шешу үшін
математикалық құралдарды қолдану қабілетін дамыту; ақпаратты іздеу, сыни
талдау және синтездеу, берілген есептерді шешуде жүйелі тәсілді қолдану
қабілетін дамытуға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі түсініктерін
біледі; деректер түріне және шешілетін зерттеу мәселесінің сипатына
байланысты қолданылу салалары; әртүрлі бағдарламалық құралдардың (R-
Studio) көмегімен деректерді жинау және өңдеу тәсілдерін біледі; жиналған
ақпаратты оның шарттары мен тапсырманы шешу критерийлеріне сәйкестігіне
сыни талдау жүргізу; берілген мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру
және бағалау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтау;статистикалық мәліметтердің динамикасын бағалау және талдау;
статистикалық көрсеткіштерді есептеу әдістерін біледі; статистикалық
мәліметтердің динамикасын бағалау және талдау әдістері; статистикалық
мәліметтерді индекстеу әдістері; негізгі индекстерді есептеу дағдылары;
сипаттамалық статистика әдістері; R-Studio-да статистикалық деректерді талдау
дағдыларын меңгереді
5. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Кредиттер саны 2
Семестр 3 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың субъектілері мен құралдарын,
кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекет және қаржы институттарымен өзара
әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Курс кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық
және қаржылық емес құралдарын, қолдау құралдарының бизнесті ашу мен
жүргізудің жеңілдігіне әсерін зерттейді.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру дағдыларын
меңгереді
6. Мемлекеттік сектор экономикасы
Кредиттер саны 2