Page 44 - ЭПК
P. 44
4. Еңбек нарығы және жұмыспен қамту саясаты
Кредиттер саны 2
Семестр 4 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс еңбек нарығының қызмет етуінің негізгі принциптері мен ерекшеліктері
туралы білім алуға, еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау
құралдарын меңгеру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Еңбек және халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың негізгі
элементтерін біледі, олардың еңбек нарығына әсерін бағалауды біледі; негізгі
мемлекеттік қызметтерді, жұмыспен қамту саясатының элементтерін біледі;
жұмыспен қамту саясатының әртүрлі шараларының еңбек нарығына әсерін
талдауды, жұмыспен қамтудың пассивті және белсенді шараларының еңбек
нарығына әсерін бағалауды, ең төменгі жалақының еңбек нарығына әсерін
бағалауды біледі
5. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы
Кредиттер саны 2
Семестр 4 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және азаматтар мен бизнестің
мүдделері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін билік органдары
пайдаланатын негізгі цифрлық технологиялар мен технологиялық шешімдерді
зерттеуге бағытталған.
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуді біледі, Электрондық
платформаның, оның ішінде Ашық үкіметтің мүмкіндіктерін біледі, әртүрлі
цифрландыру жобаларын біледі, атап айтқанда, smart city тұжырымдамалары
аясында; мемлекеттік басқаруда мемлекеттік цифрлық платформаларды,
жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдалану ерекшеліктерін біледі.
«7М04106 – Экономика» білім беру бағдарламасы үшін
МЕ – 2023 (2 жылдық)
Жинау қажет – 8 кредит
1. Аграрлық экономика
Кредиттер саны 3
Семестр 3 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс тыңдаушыларда жаңа экономикалық жағдайларда агроөнеркәсіптік
өндірістегі жалпы экономикалық заңдылықтардың көрінуінің нақты нысандары
туралы теориялық және практикалық білімдерді, сондай-ақ шектеулі жерлерді
пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын әзірлеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған. Әрбір шаруашылықтың табиғи-экономикалық
жағдайларының еңбек, материалдық-техникалық және қаржылық ресурстары,
импортты алмастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі
мәселелерін шешу,аграрлық экономиканың жаңа концепциясы мен деректер
негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқарушылық жүйесі,
аграрлық сектордың іргелі сипаты, аграрлық экономиканың негізгі
басымдықтары, сондай-ақ жаһандану үдерісіндегі агроэкономикалық әдістеме
берілген. Инвестицияларды дамыту, импортты алмастыру және ресурстық емес