Page 2 - Нұсқаулық
P. 2

Қазақстан Республикасы Президентінің
                                                              жанындағы Мемлекеттік басқару
                                                              академиясы ректорының 2024 жылғы
                                                              «13» қыркүйектегі № 586 бұйрығына
                                                              қосымша

                                                              Қазақстан Республикасы Президентінің
                                                              жанындағы        Мемлекеттік        басқару
                                                              академиясы  ректорының  2024  жылғы
                                                              «08»  ақпандағы  №  68  бұйрығына
                                                              қосымша


                                         Магистрлік жобаны жазу бойынша
                                                      НҰСҚАУЛЫҚ

               1. Жалпы ережелер
               1.1  Осы  Магистрлік  жобаны  (зерттеуді)  жазу  бойынша  нұсқаулық  (бұдан  әрі  –
           Нұсқаулық)  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына,  «Ғылым  туралы»
           Қазақстан  Республикасының  Заңына,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің
           мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына,  өзге  де  заңға  тәуелді  нормативтік
           құқықтық актілерге, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
           қызметінің  үлгілік  қағидаларына,  Академияның 2023-2025 жылдарға  арналған даму
           стратегиясына және Академияның ішкі құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
               1.2.  Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
           басқару  академиясында  (бұдан  әрі  –  Академия)  магистратураның  білім  беру
           бағдарламаларының  білім  алушылары  орындайтын  магистрлік  жобалардың
           (зерттеулердің)  құрылымына,  мазмұнына  және  рәсімделуіне  қойылатын  міндетті
           талаптарды  айқындайды,  сондай-ақ  ғылыми  жетекшілер  мен  техникалық
           хатшылардың функцияларын белгілейді.
               1.3.  Академияның  2023-2025  жылдарға  арналған  даму  стратегиясының  негізгі
           блоктарының  бірі  нәтижеге  бағытталған  зерттеулерді  дамыту  болып  табылады.
           Осыған  байланысты  Академияда  магистрлік  жобаны  (зерттеуді)  жазу  практикалық
           сипатқа  ие  және  мемлекеттік  басқару  саласындағы  өзекті  міндеттерді  шешуге
           бағытталған.
               1.4.  Магистрлік  жоба  –  мемлекеттік  басқару  саласында  маңызды  болып
           табылатын  практикалық  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  беретін  теориялық  және
           эксперименттік нәтижелерді, негізделген дәлелдерді, ұсыныстар мен ұсынымдарды
           қамтитын Академияда алынған білімге негізделген зерттеу.
               1.5.  Магистрлік  жобаны  (зерттеуді)  білім  алушы  өзі  жазады.  Магистрлік
           жобаның (зерттеудің) авторы оның мазмұнына жауапты.
               Қысқартулар тізімі
           Академия  –  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік
           басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
           ҚА – қорытынды аттестаттау;
           ҚАК – қорытынды аттестаттау комиссиясы;
           Институттар – Академияның Басқару институты және Дипломатия институты;
           БЖДБ – білім алушының жеке даму бағдарламасы;
           АРС – Ақпараттық-ресурстық сектор;
           МСҰМ – Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі;
           ББ – білім беру бағдарламасы;
           ҒК – Ғылыми кеңес;
           БСО – Білім беру саясаты орталығы;
   1   2   3   4   5   6