Page 3 - Нұсқаулық
P. 3
МЭЗЖ – магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы.
2. Магистрлік жобаның (зерттеудің) тақырыбы
2.1. Құжаттарды тапсыру сәтінде Академияның ББ-на мемлекеттік тапсырыс
бойынша оқуға түскен әрбір білім алушының нақты проблемалар бойынша зерттеу
жүргізуге тапсырысы көрсетілген мемлекеттік органның жолдамасы болады.
Өзге қаржыландыру көздері есебінен Академияның ББ-на оқуға түскен білім
алушылар құжаттарды тапсыру кезінде болжамды зерттеу тақырыбын көрсетеді.
2.2. Магистрантты оқуға қабылдағаннан кейін екі ай ішінде Академия
ректорының бұйрығымен ҒК-нің шешімі негізінде магистрлік жобаның (зерттеудің)
тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады.
3. Ғылыми жетекші
3.1. Ғылыми жетекшілермен тиісті бұйрыққа қол қойылғаннан кейін екі апта
ішінде ғылыми жетекшілік бойынша қызметтер көрсету жөнінде шарттар жасалады
(бұл тармақ Институттардың/МСҰМ-ның бекітілген жылдық жүктемесі бар ғылыми
жетекшілерге қолданылмайды).
3.2. Ғылыми жетекшінің функциялары:
3.2.1. Барлық оқу кезеңіне арналған ғылыми зерттеу кезеңдерін анықтау және
олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
3.2.2. Бекітілген магистранттың ЖДБ-ның орындалуын бақылау (талап ету,
мониторингтеу);
3.2.3. Бекітілген магистранттың жұмысын қорғау кестесінің сақталуына жауапты
болу;
3.2.4. Зерттеу жұмысын орындау процесінде жәрдемдесу және консультациялар
беру; магистрант ұсынатын материалдар бойынша кері байланыс беру;
3.2.5. Магистрлік жоба (зерттеу) аяқталғаннан кейін магистрантқа ғылыми
жетекші ретінде пікірін беру.
4. Техникалық хатшының функциялары
4.1. Академияда сол сәтте пайдаланылатын көшіріп алуды анықтау жүйесінде
мәтіннің бірегейлігі (көшіріп алудың бар-жоғы тұрғысынан) тұрғысынан магистрлік
жобаны (зерттеуді) тексереді.
4.2. Сыртқы рецензенттерден пікір алу және жіберу процесін үйлестіреді және
оған жауап береді, сондай-ақ жұмысты, оның ішінде жұмыс авторы туралы
мәліметтерді код арқылы иесіздендіреді және рецензентке жібермес бұрын жұмысты
жүктеуден қорғайды.
4.3. Магистрлік жобалардың (зерттеулердің) осы Нұсқаулықтың
1-қосымшасында көрсетілген нормалық бақылау талаптарына сәйкестігін тексереді.
Қос диплом бағдарламасын іске асырған жағдайда жұмыс серіктес ЖОО-ның
талаптарына сәйкес рәсімделуі мүмкін.
4.4. ҚАК мүшелерінің онлайн дауыс беруін ұйымдастырады.
4.5. Қорытынды аттестаттаудың бейнежазбасын жүргізеді.
4.6. Қорытынды аттестаттаудың хаттамасын және басқа да құжаттаманы
(электрондық және қағаз түрінде) толтырады және келіседі. Қол қойылған
құжаттаманы қағаз түрінде қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін екі апта
ішінде БСО-ға береді.
4.7. Магистрлік жобаларды (зерттеулерді) 2-қосымшаға сәйкес акт бойынша