Page 5 - Нұсқаулық
P. 5
авторы туралы деректерді көрсетпей жіберіледі.
5.5.3. Қорғаудан бес күн бұрын рецензент магистрлік жобаға (зерттеуге)
рецензия ұсынады (5-қосымша). Жұмысты талдау негізінде магистрлік жобаның
(зерттеудің) жан-жақты сипаттамасы және магистрантқа тиісті ББ бойынша
«магистр» дәрежесін беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы дәлелді қорытынды
беріледі. Рецензенттің қолы оның жұмыс орны бойынша расталуы және мөрмен
бекітілуі тиіс.
5.5.4. Магистрлік жоба (зерттеу) қорғауға теріс рецензиямен де ұсынылуы
мүмкін. Бұл жағдайда қорғауға рецензент қатысуы қажет.
5.5.5. ҚА-ға Институттардың/МСҰМ-ның директораттары отырысының
шешімінен үзінді және ұсыныс негізінде ректордың бұйрығымен жіберіледі.
6. Магистрлік жобаны (зерттеуді) қорғау рәсімі
6.1. Қорғау ҚАК-тың ашық отырысында жария түрде жүргізіледі. ҚАК
отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайды. Магистрлік жобаны (зерттеуді)
қорғау уақыты кестемен айқындалады және ол магистрлік жобаларды (зерттеулерді)
қорғау басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын білім алушылардың назарына
жеткізіледі.
6.2. Институт/МСҰМ ҚАК-қа келесі ақпараттар көрсетілген тізімді ұсынады:
− магистранттың аты-жөні;
− жобаның (зерттеудің) тақырыбы;
− ғылыми жетекшінің аты-жөні, дәрежесі және ғылыми атағы;
− рецензенттің аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы және лауазымы.
6.3. ҚАК отырысын Институт/МСҰМ директоры/директорының орынбасары
ашады, оның барысында ол комиссия мүшелерімен таныстырады және ҚАК
төрағасына сөз береді. Магистрант жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның
өзектілігі мен практикалық құндылығы, негізгі идеясы және қысқаша негіздемесі бар
маңызды тұжырымдар келтірілген баяндама-презентация жасайды. Бір магистрлік
жобаны (зерттеуді) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 (отыз) минуттан аспайды.
Білім алушы 10 (он) минуттан аспайтын уақытта баяндама жасайды. Баяндама
аяқталғаннан кейін магистрант ҚАК мүшелерінің магистрлік жоба (зерттеу)
презентациясының мазмұны бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді
(ұзақтығы сұрақтар/жауаптардың саны мен мазмұнына байланысты) – 7 мин.
Ғылыми жетекшінің пікірі тыңдалады. Ол болмаған жағдайда пікірді ҚАК-тың
хатшысы оқиды. Рецензия оқылады. Рецензент болмаған жағдайда рецензияның
мазмұнын ҚАК-тың хатшысы оқиды. Магистрант магистрлік жоба (зерттеу) бойынша
негізгі сұрақтарға немесе ескертулерге қысқаша жауап береді. Кейінгі талқылауға
қорғауға қатысқан адамдардың барлығы қатысуға құқылы. Магистрантқа қорытынды
сөз беріледі.
6.4. Магистрлік жобаны (зерттеуді) қорғау нәтижелері бойынша ҚАК-тың әрбір
мүшесі LMS жүйесіндегі өз аккаунтына кіріп электрондық жүйеде тәуелсіз бағасын
қояды. Электрондық дауыс беру қорытындысы бойынша LMS-те білімді бағалаудың
балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес қорытынды баға автоматты түрде
шығарылады. Бағалар жеке қойылады. ҚАК-тың мүшелері магистрантқа орташа
қорытынды бағаға сәйкес тиісті ББ бойынша «магистр» дәрежесін беру немесе
бермеу туралы шешім қабылдайды.
6.5. Оң бағаны жоғарылату мақсатында магистрлік жобаны (зерттеуді) қайта
қорғауға жол берілмейді.
6.6. ҚАК-тың бір отырысында көп дегенде 12 жоба (зерттеу) тыңдалып, қорғауға
қабылдануы мүмкін.
6.7. ҚАК отырысының хаттамаларын техникалық хатшы белгіленген тәртіппен 6-