Page 2 - Академиялық саясат
P. 2
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
ректорының
2024 жылғы «08» қазандағы
№ 658 бұйрығына қосымша
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(МАГИСТРАТУРА, ДОКТОРАНТУРА) БОЙЫНША
АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Кіріспе
Жаңа идеялар мен заман талаптарына ашық мемлекеттік қызметшілерді
дамытатын зияткерлік платформа бола отырып,
мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары басқарушылық мәдениетті
қалыптастыруды өзінің миссиясы ретінде мойындай отырып,
жеке адамға деген құрмет, әдептілік, ашықтық, кәсіпқойлық, жаңашылдық,
келісімге қол жеткізу қабілеттілігі, ресурстарға ұқыпты қарау секілді құндылықтарды
негізге ала отырып,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы (бұдан әрі – Академия) осы Академиялық саясатты нәтижеге
бағдарланған оқытуды жүзеге асыру үшін оқу процесін жоспарлау және тиімді
ұйымдастыру бойынша профессор-оқытушылар құрамына, білім алушыларға,
қызметкерлерге арналған нұсқаулық ретінде бекітеді.
1. Жалпы ережелер
1.1. Академия қызметінің мәні жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру
және ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
1.2. Академияда оқыту ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін
ескере отырып, барлық білім алушылар үшін оқуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету
арқылы жүзеге асырылады. Академия өз қызметінде академиялық адалдықтың және
кез келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға төзбеушіліктің жоғары нормаларын
ұстанады.
1.3. Академия қызметі академиялық еркіндік, білім беруді интеграциялау, зерттеу
қызметі және практика, шешімдер қабылдаудың алқалылығы, әлеуметтік
жауапкершілік және ашықтық қағидаттарына негізделеді.
1.4. Академияда әзірленген Әдеп және академиялық адалдық кодексі, Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясат және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт барлық
қызметкерлер мен білім алушылардың мүлтіксіз сақтауына арналған талаптарды
қамтиды.
1.5. Академия өз қызметін алқалық басқару қағидаттарында жүзеге асырады.
Жалпы ережелер мен құрылымы Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 4 мамырдағы (№ 14
хаттама) шешімімен бекітілген, Академияның Алқалық басқару органы туралы
ережесінде көрсетілген.
1.6. Осы саясатқа өзгерістер мен толықтыруларды БСО, Институттар/МСҰМ және
білім беру процесіне қатысатын басқа құрылымдық бөлімшелердің ұсынысы бойынша
ҒК енгізуі мүмкін.