Page 5 - Академиялық саясат
P. 5
3.14. академиялық еркіндік – таңдау компоненті пәндері бойынша білім беру
мазмұнын дербес анықтау, білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық
дамуы үшін жағдай жасау және оқытудың инновациялық технологиялары мен
әдістерін қолдану мақсатында оқытудың қосымша түрлері және білім беру қызметін
ұйымдастыру үшін оларға берілетін, білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер
жиынтығы;
3.15. академиялық кезең (term) (терм) – семестр, триместр, тоқсан сияқты үш
нысанның біреуін білім беру ұйымы өзі белгілейтін теориялық оқу кезеңі;
3.16. академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми
және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;
3.17. академиялық күнтізбе (аcademic сalendar) – оқу жылы бойына демалыс
күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-
шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;
3.18. академиялық сағат (магистратура және докторантура) – оқу сабақтарының
немесе оқу жұмысының басқа түрлерінің көлемін өлшеу бірлігі, 1 академиялық сағат
50 минутқа тең, онлайн/қашықтықтан оқытуға көшу кезінде 1 академиялық сағат
кемінде 40 минутқа тең, академиялық күнтізбені (оқу процесінің кестесін), оқу
сабақтарының кестесін жасау кезінде, өтілген оқу материалын жоспарлау мен есепке
алуда, сондай-ақ педагогикалық жүктемені жоспарлау және оқытушының жұмысын
есептеу кезінде пайдаланылады;
3.19. ағымдағы бақылау – бұл академиялық кезең ішінде аудиториялық және
аудиториядан тыс сабақтарда оқытушы өткізетін оқу бағдарламасына сәйкес білім
алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;
3.20. аралық бақылау (midterm) – бір оқу пәнінің үлкен бөлімін (модулін)
аяқтағаннан кейін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау;
3.21. қорытынды бақылау – емтихан сессиясы (аралық аттестаттау) кезеңінде
пәнді оқу аяқталғаннан кейін өткізілетін, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
тексеру;
3.22. академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-
зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа
ЖЖОКБҰ-ға (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім
беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып
өз ЖЖОКБҰ-да немесе басқа ЖЖОКБҰ-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер
жүргізу үшін ауыстыру;
3.23. академиялық аттестаттау – білім алушылардың бітіру курсын қоспағанда,
әрбір оқу жылы аяқталғаннан кейін білім алушының жеке жұмыс жоспарының
орындалуын бақылау;
3.24. білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) –
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және
(немесе) модульдердің және оқу қызметінің өзге де түрлерінің көлемін игеру дәрежесін
айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3.25. білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БӨЖ) – өз бетінше оқуға
берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген,
тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар және
есептер түрінде бақылау жүргізілетін, белгілі бір тақырыптар тізбесі бойынша
жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол магистранттың өзіндік жұмысы
(бұдан әрі – МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ДӨЖ) болып
бөлінеді; БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік жұмыс атқаруды
талап ететін тапсырмалармен расталады;