Page 4 - Академиялық саясат
P. 4
3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
3.1. ассессмент-орталық – қызметкердің/үміткердің/білім алушының жетістігін
кешенді бағалаудың, модельдеу және нақты жұмыс жағдайларына жақын іс-
шараларға тарту арқылы оның ықтимал мінез-құлқын диагностикалаудың ең тиімді
әдісі.
3.2. құзыреттіліктер – оқыту процесінде алған білімдерін, дағдылары мен
дағдыларын кәсіби қызметте практикалық пайдалану қабілеті;
3.3. докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 академиялық
кредитті міндетті меңгеру арқылы философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор)
дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін
кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ББ.
3.4. бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары
жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын
меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
3.5. докторант – докторантурада білім алушы тұлға;
3.6. докторлық диссертация – докторанттың теориялық ережелер әзірленген,
жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде саралауға болатын немесе ғылыми
проблема шешілген не ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе
технологиялық шешімдер жазылған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми
жұмысы;
3.7. диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal) –
докторант дайындаған және ЖОО бірінші немесе екінші оқу жылында бекіткен, зерттеу
мақсаты, міндеттері мен әдіснамасын, әдебиеттерге шолу мен зерттеудің күтілетін
нәтижелерін қамтитын құжат;
3.8. білім алушының жеке даму бағдарламасы (бұдан әрі – БЖДБ) – ББ негізінде
бағдарлама үйлестірушісінің көмегімен оқудың барлық кезеңіне өзі қалыптастыратын
жоспар және ол мынадай компоненттерді қамтиды: жеке оқу жоспары (ЖОЖ),
эксперименттік-зерттеу жұмыстары, оның ішінде тағылымдама, практика жоспары
(оның ішінде өндірістік практика, бағдарлама, база, есеп беру мерзімі мен нысаны),
магистрлік жобаның/докторлық диссертацияның тақырыбы жобаның/диссертацияның
негіздемесімен, құрылымымен және орындау жоспарымен бірге, ғылыми
жарияланымдар, оның ішінде шетелдік жарияланымдар жоспары, құзыреттерді
арттыру және құзыреттерді дамыту жоспары.
3.9. жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының ББ және элективті
пәндер каталогының негізінде координатордың көмегімен әрбір оқу жылына жеке
жасайтын оқу жоспары;
3.10. магистр – магистратураның ББ меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже;
3.11. магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
3.12. магистратура – 1 жылдық бғадарлама үшін кемінде 60 кредитті, 2 жылдық
бағдарлама үшін кемінде 120 кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті ББ
бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі;
3.13. магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған ББ
өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық
және (немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден
тұратын бітіру жұмысы;