Page 7 - Академиялық саясат
P. 7

3.38. ББ  үйлестіру  –  білім  алушылардың  жеке  білім  беру  траекториясын  білім
            алушылармен  бірлесіп  әзірлеуді,  қалыптастыруды  және    үйлестіруді,  білім
            алушыларға  жеке  даму  жоспарларын  толтыру  бойынша  қолдау  көрсетуді,
            практика/тағылымдама  бағдарламаларын  дайындауды,  LMS  толтыра  отырып,
            практикадан/тағылымдамадан өтуді үйлестіруді, ББ әзірлеу бойынша Институт/МСҰМ
            басшылығына көмек көрсетуді, ББ күтілетін нәтижелерін ескере отырып, пәндердің
            силлабустарын әзірлеу бойынша басқа ОПҚ-ға көмек көрсетуді көздейді. ББ үйлестіру
            ОПҚ-ның педагогикалық жүктемесіне қосылады;
                  3.39. мемлекеттік аттестаттау комиссиясының техникалық хатшысы  – комиссия
            жұмысын техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, оның ішінде мәтіннің бірегейлігі
            тұрғысынан  (басқа  мәтінді  пайдалану  және  түпнұсқалығы  тұрғысынан)  магистрлік
            жобаны  тексеруді;  пікірлер  мен  рецензиялар  алу  процесін  үйлестіруді;  норманы
            бақылауды жүзеге асыруды; комиссия отырыстарын және қорғауды ұйымдастыру мен
            өткізуді; қорытынды аттестаттау бойынша құжаттаманы дайындауды және тапсыруды
            қамтитын адам;
                  3.40. ғылыми  жетекші  –  магистрлік  жоба  шеңберінде  магистранттың  зерттеу
            жүргізуі бойынша ғылыми басшылықты, консультациялық, ұйымдастырушылық және
            сараптамалық жұмысты жүзеге асыратын адам;
                  3.41. ғылыми  консультант  –  докторлық  диссертация  шеңберінде  докторанттың
            зерттеу       жүргізуі     бойынша         ғылыми       басшылықты,          консультациялық,
            ұйымдастырушылық және сараптамалық жұмысты жүзеге асыратын адам;
                  3.42. зерттеудің алдын ала нәтижелері – мақалалар жариялау, ғылыми форумдар
            мен  конференциялар  аясында  баяндамалар,  далалық  зерттеулер  жүргізу
            (социологиялық сауалнама, сараптамалық сауалнама, сараптамалық сұхбат);
                  3.43. дәлелді себептер  – құжат түрінде еңбекке уақытша жарамсыздық туралы
            парақпен  расталған  медициналық  көрсетілімдер,  сондай-ақ  форс-мажорлық  мән-
            жайлар: су тасқыны, өрт, табиғи және техногендік сипаттағы басқа да табиғи апаттар.


                                 4. Академияның профессор-оқытушылар құрамы,
                                       білім алушылары мен қызметкерлерінің
                                               мінез-құлық стандарттары

                  4.1.  ҚР заңнамасында және Академияның ішкі құқықтық актілерінде белгіленген,
            білім алушыға қойылатын талаптарды сақтау;
                  4.2.  Білім  алушының  жеке  даму  жоспарында  жазылған  мақсаттар  мен
            міндеттерді уақытылы және тиісінше орындау;
                  4.3.  Академияда оқу кезеңінде киімнің офистік-классикалық стилін ұстану;
                  4.4.  Өзінің жұмысқа және оқуға қатынасы арқылы ұжымда жағымды моральдық-
            психологиялық жағдайды қалыптастыруға ықпал ету;
                  4.5.  Қызметтік субординация пен іскерлік этикетті сақтау;
                  4.6.  Жалпы       қабылданған        моральдық        нормаларды         сақтау      және
            жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу;
                  4.7.  Академиялық адалдық нормаларын сақтау;
                  4.8.  Өзінің кәсіби, басқарушылық және жеке құзыреттерін дамыту;
                  4.9.  Жаһандық  сын-қатерлер  мен  бәсекелестік  жағдайында  тиімді  шешімдер
            қабылдауға дайындығы мен қабілеттілігін көрсету;
                  4.10. Тұрақты өсу мен инклюзивтік даму үшін өңірлік және жаһандық ауқымдағы
            мәселелерді  шешуге  қатысты  практикалық  ұсынымдар  әзірлеуге  дайындығы  мен
            қабілеттілігін көрсету.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12