Page 31 - Академиялық саясат
P. 31

Егер академиялық айырмашылық пәндері/модульдері ағымдағы академиялық
            кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы КҚКО-мен
            және  жетекшілік  ететін  вице-ректормен  келісім  бойынша  жеке  тәртіппен  осы
            пәндер/модульдер бойынша оқудан өтеді.
                  Ағымдағы  академиялық  кезең  ішінде  жойылмаған  жұмыс  оқу  жоспарларының
            пәндері/модульдері бойынша оқу нәтижелеріндегі академиялық айырмашылық бұдан
            әрі академиялық қарыз ретінде есептеледі.
                  17.2.14. Оқу құнын есептеу тиісті оқу жылына 1 кредиттің бекітілген құнына сәйкес
            жүзеге асырылады.
                  17.3. Тегін өзгерту.
                  17.3.1. Білім алушы жаңа жеке куәлігінің және тегін ауыстыру үшін негіз болып
            табылатын құжаттың (неке қию туралы куәлік және басқалар) көшірмесін қоса бере
            отырып, тегін ауыстыру туралы өтінішті ректордың атына тапсырады;
                  17.3.2.  Институт/МСҰМ  директорымен  және  жетекшілік  ететін  вице-ректормен
            келісім бойынша БСО білім алушының тегін ауыстыру туралы бұйрық дайындайды.
   26   27   28   29   30   31