Page 29 - Академиялық саясат
P. 29
ҚА (докторлық диссертация қорғау) бойынша кредиттерді қоспағанда, ББ-ны
толық меңгеруіне байланысты докторант оқу аяқталғаннан кейін оқудан шығарылады.
17.2.2. Білім алушы мынадай себептер бойынша Академиядан шығарылуы
мүмкін:
- өз қалауы бойынша ректордың атына жазылған өтініш негізінде;
- мемлекеттік қызметші мәртебесінен айрылу;
- ДКК қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша айғақтар;
- көрсетілген мерзімде өтелмеген академиялық берешектердің болуы, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерді
орындамау немесе тиісінше орындамау;
- бір семестр ішінде дәлелсіз себеппен 15 (он бес) академиялық сағаттан артық
сабаққа қатыспауы;
- Әдеп және академиялық адалдық кодексінде көзделген талаптарды
орындамау;
- білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін,
оның ішінде оқу құнын төлемегені үшін.
Жоғарыда көрсетілген себептер жағдайлары анықталған кезде білім алушыны
оқудан шығару үшін Институт/МСҰМ оқудан шығару туралы мәселені АСК отырысына
шығарады. АСК хаттамасының отырысы негізінде ректордың оқудан шығару туралы
бұйрығы шығарылады.
17.2.3. Осы саясаттың 17.2.2-тармағында көрсетілген себептер бойынша оқудан
шығарылған жағдайда, Академия мемлекеттік қызметшіні оқуға жіберген мемлекеттік
органға хабарлама жібереді.
17.2.4. Академиядан шығарылған білім алушыға белгіленген нысандағы
академиялық анықтама беріледі.
17.2.5. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау мемлекеттік қызметші
мәртебесінен айрылуына байланысты оқудан шығарылған және мәртебесін сот
тәртібімен өзіне қайтарып алған жағдайларды қоспағанда, тек ақылы негізде жүзеге
асырылады.
Білім алушы ректордың атына оқуға қайта қабылдау туралы өтініш береді, онда
ол өзінің оқуын жалғастыру ниетін білдіреді. Оқуға қайта қабылдау туралы өтінішке
оқуды жалғастырушылар үшін анықтама-транскрипт қоса беріледі.
Оқуға қайта қабылдау рәсімі:
1) білім алушы оқу үлгерімі туралы анықтаманы қоса бере отырып, ректордың
атына оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті кезекті академиялық кезең басталғанға
дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді;
2) үлгерім туралы берілген анықтама негізінде Институт/МСҰМ директораты оқу
курсын, оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды, оқуға
қабылдауға/қайта қабылдауға ұсыныс дайындайды;
3) Институт/МСҰМ директоратымен және жетекшілік ететін вице-ректормен
келісім бойынша БСО Академия ректорының білім алушыны оқуға қайта қабылдау
туралы бұйрығын дайындайды;
4) Берешектерді және/немесе пәндердегі айырманы жою тәртібі мен мерзімдері
Институт/МСҰМ директорының өкімімен ресімделеді.
Академиялық айырмашылықты жою ұзақтығы бір семестрді құрайды.
Академиялық айырмашылықты жою мыналарды көздейді:
1) білім алушылардың көрсетілген курстарды игеру мақсатында сабақтарға
қатысуы;
2) рейтингті анықтау мақсатында тапсырмаларды орындау;
3) жоспарланған кредиттер көлемін алу мақсатында емтихан тапсыру.