Page 27 - Академиялық саясат
P. 27

16.1.10. Магистрлік жобаны жазуға, ресімдеуге және қорғау тәртібіне қойылатын
            талаптар тиісті Нұсқаулықта көрсетілген.
                  16.2. Докторанттарды қорытынды аттестаттау
                  16.2.1. ҚА мақсаты докторанттың эксперименттік-теориялық және зерттеушілік-
            талдау деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз
            бетінше  орындауға  дайындығын  және  оның  дайындығының  кәсіби  стандарт  пен
            докторантураның ББ талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
                  Докторанттарды  ҚА  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы
            Мемлекеттік  басқару  академиясының  жанындағы  Диссертациялық  кеңес  туралы
            ережеге сәйкес докторлық диссертацияны қорғау нысанында жүргізіледі.
                  16.2.2. Докторлық диссертацияны қорғаудан өту үшін докторантқа ДК-ге жолдама
            беріледі.
                  Докторлық  диссертация  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  сараптама  ұлттық
            орталығы  жүзеге  асыратын,  басқа  авторлардың  мәтінін  алып  пайдалану  мәніне
            тексеруден өтеді.
                  16.2.3. Докторантураның ББ толық теориялық оқу курсын меңгерген, бірақ ДЭЗЖ
            орындамаған  докторантқа  ДЭЗЖ  академиялық  кредиттерін  қайта  игеруге  және
            диссертацияны кейінгі жылдары ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі.
                  16.2.4.  Докторантураның  ББ  толық  теориялық  оқу  курсын  меңгерген,  ДҒЗЖ
            (ДЭЗЖ)  орындаған,  бірақ  докторлық  диссертация  қорғамаған  докторантқа  оқу
            нәтижелері  мен  академиялық  кредиттер  беріледі  және  диссертацияны  бітіргеннен
            кейін  екі  жыл  ішінде  тегін  негізде,  ал  кейінгі  жылдары  ақылы  негізде  кемінде  4
            академиялық кредит көлемінде қорғауға мүмкіндік беріледі.
                   16.2.5.  Бұл  ретте,  оқуды  бітіргеннен  кейін  3  жыл  өткен  соң  докторант
            диссертациялық зерттеудің ғылыми негіздемесі (research proposal) қайта бекітілгеннен
            кейін ғана ақылы негізде қорғалады.

                                          17. Білім алушылардың қозғалысы

                  17.1. Академиялық демалыс
                  17.1.1. Академиялық демалыс  – бұл білім беру ұйымдарында білім алушылар
            медициналық көрсеткіштер бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуларын
            уақытша тоқтататын кезең:
                  -  ауруы  бойынша  ұзақтығы  6  (алты)  айдан  12  (он  екі)  айға  дейінгі
            амбулаториялық-емханалық  ұйымның  дәрігерлік-консультативтік  комиссиясының
            (ДКК) қорытындылары негізінде;
                  -  туберкулезбен  ауырған  жағдайда  36  айдан  аспайтын  уақытта  Туберкулезге
            қарсы  медициналық  ұйымның  Орталықтандырылған  дәрігерлік-консультативтік
            комиссиясының қорытындысы негізінде;
                  -  заңнамада  белгіленген  жағдайларда  әскери  қызметке  шақыру  кезеңінде  ҚР
            Қарулы Күштері қатарына шақыру туралы шақырту қағазы негізінде;
                  -  заңнамада  белгіленген  жағдайларда  ұзақтығы  3  (үш)  жасқа  дейінгі
            бала/балалар туған, асырап алған жағдайда.
                  17.1.2. Ауруы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі академиялық демалыс
            беру үшін білім алушы мыналарды ұсынуы қажет:
                  1) Академия ректорының атына академиялық демалыс беру туралы өтініш;
                  2)  амбулаториялық-емханалық  ұйым  жанындағы  Дәрігерлік-консультациялық
            комиссияның қорытындысы.
                  Туберкулезбен  ауырған  жағдайда  ұзақтығы  36  айдан  аспайтын  академиялық
            демалыс беру үшін білім алушы мыналарды ұсынуы қажет:
                  1) Академия ректорының атына академиялық демалыс беру туралы өтініш;
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31