Page 28 - Академиялық саясат
P. 28
2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-
консультациялық комиссиясының шешімі.
17.1.3. Бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін білім
алушы мыналарды ұсынуы қажет:
1) Академия ректорының атына академиялық демалыс беру туралы өтініш;
2) баланың/балалардың туу туралы, оларды асырап алу туралы құжаттары
(куәліктері).
17.1.4. Әскер қатарына шақырылатын білім алушыларға академиялық демалыс
беру үшін мына құжаттарды тапсыру қажет:
1) Академия ректорының атына академиялық демалыс беру туралы өтініш;
2) әскери қызметке шақыру туралы шақырту қағазы.
17.1.5. БСО мәселе оң шешілген жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде Академия
ректорының білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрығының жобасын
дайындайды, онда академиялық демалыстың басталу және аяқталу мерзімдері
көрсетіледі.
17.1.6. Академиялық демалыс беру кезінде:
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның мемлекеттік
білім беру тапсырысы негізінде одан әрі оқу құқығы сақталады, ал оның оқуын
қаржыландыру (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 02 ақпандағы № 116 қаулысының 12-
тармағына сәйкес, ДКК қорытындысы негізінде академиялық демалыстағы грант
иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеуге көзделетін шығыстарды
қаржыландыруды қоспағанда) берілген академиялық демалыс кезеңінде тоқтатылады
және ол аяқталғаннан кейін қайта жалғастырылады;
ақылы негізде білім алушы адам академиялық демалыс кезеңінде оқу ақысын
тоқтата тұрады.
17.1.7. Академиялық демалыстан оралған білім алушы кезекті академиялық
кезең басталғанға дейін, бірақ оқу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей
ректордың атына академиялық демалыстан шығу туралы өтініш береді және оқуын
жалғастыру мүмкіндігін куәландыратын тиісті құжаттарды (науқасты бақылаған емдеу
ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасы және т.б.) ұсынады.
Осының негізінде БСО 3 (үш) жұмыс күні ішінде ББ, курс және топты көрсете
отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы ректордың
бұйрығының жобасын әзірлейді және бекітуге енгізеді.
17.1.8. Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа
кету күні академиялық кезеңнің басталуымен немесе аяқталуымен сәйкес келмесе,
онда білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рұқсат
алу үшін қажетті балдарды жинауы немесе айырмашылық пайда болған пәндер
бойынша жазғы академиялық кезеңге жазылуы тиіс. Институт/МСҰМ директорат
отырысында академиялық демалыстан шыққан БЖДЖ бекітеді.
17.1.9. Академиялық демалыстан оралған білім алушы, егер мұндай жағдай орын
алса, оқу жұмыс жоспарлары пәндерінің айырмашылығын жоюы тиіс.
17.1.10. Білім алушы оқу жұмыс жоспары пәндеріндегі айырмашылықтарды жою
үшін ағымдағы оқу сабақтарымен қатар академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының
барлық түрлеріне қатысады, аралық аттестаттауға рұқсат алу үшін ББ-да көзделген
білім бақылауының барлық түрлерінен өтеді.
17.2. Оқудан шығару, қайта қабылдау, ауыстыру
17.2.1. Оқу аяқталғаннан кейін магистрант:
ББ-ны толық игеруіне байланысты, магистр дәрежесін беру туралы хаттама
негізінде
ББ-ны толық игеруіне байланысты, тиісті анықтаманы бере отырып ҚА бойынша
кредиттерді және МЭЗЖ қоспағанда (4-қосымша) оқудан шығарылады.