Page 1 - Document
P. 1
«6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
бейіні бойынша доктор дәрежесін ізденуге ұсынылған Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының докторанты Бекбосынова Жамиля Аргинбаевнаның
«Стратегиялық мемлекеттік аппарат құру жағдайында мемлекеттік
органдар қызметін жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық
жұмысына
АҢДАТПА
Тақырыптың өзектілігі. Конституцияда Қазақстан Республикасы
тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егемен мемлекет ретінде
айқындалады. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын
орган жүйесі болып мемлекеттік органдар табылады. Конституцияда
мемлекеттік органдар тармақтарының әр қайсысына кең өкілеттік берілген.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап,
экономикалық және саяси қайта құруды жүзеге асырумен қатар, елдің
мемлекеттік басқару жүйесін кең көлемде әкімшілік реформалау жұмысын да
қолға алды. Әкімшілік реформа, ең алдымен, мемлекет пен азаматтардың,
мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың арасында сенімді қарым-
қатынас орнату үшін қажет.
Осылайша, мемлекеттік органдардың жүйесі мемлекет алдындағы
мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқындап көрсете
бастады. Қазіргі таңда Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
басты факторлардың бірі тиімді мемлекеттік басқару жүйесі болып табылады.
2015 жылы жарияланған 5 институционалды реформаның алғашқысы
кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған болатын.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан – Экономикалық ынтымақтастық пен
даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарын негізге алуды шешті. Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен 2018 жылы
ЭЫДҰ-мен алғаш рет «Қазақстан мен ЭЫДҰ елдерінің мемлекеттік қызметті
реформалаудың салыстырмалы талдауы» әзірленді. Халықаралық эксперттер
Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформаларға оң
баға берді. Қазақстанның бірінші болып, посткеңестік кеңістікте мемлекеттік
қызмет жүйесінде өкілетті орган түсінігін енгізгені жайлы баяндалды. Сондай-
ақ, мемлекеттік басқару саласында меритократия, құзыреттілік қағидаларын
пайдалану бойынша іске асырылған реформалар үздік тәжірибеге сай деп
көрсетілді. Дегенмен, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі әлемдік үздік
үлгілер негізінде дамыту ісін жалғастыру қажет. Қазіргі таңда мемлекеттік
қызмет дамуын бағалауда ЭЫДҰ кәсіби, стратегиялық және инновациялық деп
аталатын 3 негізгі кезеңге сүйенетін концептуалды жіктемені қолданады.
Аталған кезеңдер бір-бірін өзара жоққа шығармайды. Әр келесі кезең
алдыңғысының жетістіктерінде қалыптасады.
ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік қызметінің дамуын
стратегиялық мемлекеттік аппарат элементтері бар кәсіби мемлекеттік аппарат
кезеңі ретінде бағалады. Яғни, алдағы уақытта Қазақстан мемлекеттік
қызметінің алдында жоғары санаттағы кәсіби қызметкерлер үшін тартымды,