Page 2 - Document
P. 2
нәтижеге бағытталған белсенді қызметшілер мен трансформациялық
көшбасшылар болып табылатын өзгерістерді басқара алатын басшылармен
ерекшеленетін стратегиялық мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсаты тұр.
Ал мемлекеттік аппарат мелекеттік органдардың біріккен жүйесі екенін ескерер
болсақ, аталған мақсатқа жету үшін мемлекеттік огандар қызметін жетілдіру
қажет.
Сол себепті қарастырылып отырған докторлық диссертацияның
тақырыбы «Стратегиялық мемлекеттік аппарат қалыптастыру жағдайында
мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру» деп алынды.
Осыған орай, диссертациялық жұмыс барысында мемлекеттік органдар
қызметін жетілдіру арқылы стратегиялық мемлекеттік аппарат құрудың
міндеттері, әдістемелік негіздері, халықаралық тәжірибеге сәйкес, қазақстандық
үлгі әзірлеу қарастырылатын болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік басқару органдары
мәселелерімен әр жылдары А. Файоль, Ф. Гилбрет, Ф.У. Тейлор, М. Вебер, М.
Крозье, Г. Спенсер және өзге ғалымдар айналысқан.
Қазақстан Республикасы мен шет елге мемлекеттік органдар қызметін
ұсыну және дамытумен байланысты мәселені талдау қазақстандық және
ресейлік авторлардың еңбектерінде келтірілген: С.Г. Қапаров, Ш.А. Есімова,
Ә.М. Байменов, А.Н. Саханова, М.Н. Афанасьев, Г.В. Атаманчук, В.Н. Уваров,
И.Н. Барциц, М.Н. Марченко және өзге де ғалымдар.
Қазіргі таңда мемлекеттік орган қызмет етуінің түрлі құралдары мен
әдістерін қолдану бойынша оң тәжірибе жинақталып, белгілі қызығушылықты
Е.В. Гришин, Е.В. Фомичев, Л.И.Абалкин, И.В.Бестужев-Лада, Ф.М.Бородкин,
А.Н.Зайцева, А.А. Божья-Воля еңбектері тудырады.
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар қызметін
жетілдіру процесстері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты стратегиялық мемлекеттік аппарат құру жағдайында
ҚР мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу
болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне келесілер жатады:
– мемлекеттік аппарат ұғымының түсінігін, мазмұнын ашу;
– стратегиялық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мен дамыту
жолдарын зерттеу;
– мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру саласындағы халықаралық
тәжірибені зерттеу және оның негізінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары қызметін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу;
– қазақстандық мемлекеттік органдар қызметінің қазіргі жағдайын
бағалау (Жамбыл облысы әкімі аппараты қызметіне функционалды талдау),
– стратегиялық мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың қазақстандық
үлгісін жүйелендіріп, оның негізгі жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері. Жұмыста сапалық та, сандық та әдістер сияқты жалпы
ғылыми әдістер қолданылды (салыстырмалы талдау мен синтез, жүйелік талдау
мен контент-анализ, кейс-стади, әлеуметтік сауалнама, сарапшылармен сұхбат).