Page 4 - Document
P. 4

ұйымдастыру  мен  атқаруда  адам  құқықтарына  басымдық  бере  отырып,
               азаматтардың  кеңінен  атсалысуын  қамтамасыз  ету  үшін  мемлекеттік
               қызметшілерден кәсіби  этика  мен  меритократия  қағидаттарының орындалуын
               қатаң  талап  ететін  ұзақмерзімді  мақсаттар  мен  міндеттерді  атқаруға  пәрменді
               мемлекеттік органдардың мінсіз жүйесі) беріліп, ғылыми санатты тың ағымның
               аясында қарастыруды негіздейтін жүйелендірілген үлгісі ұсынылды;
                      2.  Стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  қалыптастыру  мақсатында

               мемлекеттік  қызметшілердің  азаматтармен  өзара  байланысын  арттыру
               мақсатында    тұрғындар  өтініштерін  қабылдап,  өңдейтін  автоматты
               классификатор және чат-бот қызметін енгізу ұсынылды;
                      3.  Мемлекеттік  органдар  қызметінің  ашықтығын  арттыра  отырып,
               жетілдіру      мақсатында        азаматтардың         ҚР     мемлекеттік       органдарының
               отырыстарына онлайн қатысу тәсілі ұсынылды;
                      4. Стратегиялық мемлекеттік аппарат дамуын қамтамасыз ету мақсатында
               мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне қосымша
               көрсеткіш («функция») енгізу ұсынылды;
                      5. Мемлекеттік органдар қызметінің үздіксіз жетілдіруін, ықшамдылығын
               қамтамасыз  ету  мақсатында  функционалды  талдау  жүргізіліп,  мемлекеттік
               органдар  ішінде  тиімді  оңтайландыру  жүргізу  жолдары  зерттеліп  (SWOT
               талдау нәтижелері, эксперттік сауалнама қорытындылары), ұсынылды.
                      Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми тұжырымдар.
                      Зерттеуге  кірісу  кезінде  мемлекеттік  органдардың  қызмет  етуіндегі
               сапалы  өзгерістер  қоғамдық  және  мемлекеттік  қайта  құрулардың  аспабына,
               мемлекеттік  саясат  мақсаттарына  жетудің  басты  тармағына,  мемлекеттік
               қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды факторына айналуға
               тиіс  стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  қалыптастырудың  негізі  болады  деп
               есептелінді. Ол келесі негізгі тұжырымдарды көздейді:
                      1.  Стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  қалыптасуының  теориялық
               негіздемесі  мен  тәжірибелік  іске  асуы,  оның  көпдеңгейлі,  көпсалалы  және
               көпведомстволы  сипатын  есепке  ала  отырып,  барлық  құраушы  бөліктерді
               біріктіретін бірлік екенін ескеру қажеттігі дәлелденді.
                      2.  Жүргізілген  зерттеулер  нәтижесінде  мемлекеттік  органдардың
               құрылымы  мемлекетпен  кепілденетін  функциялар  мазмұнын  ықшамдау
               негізінде  оңтайландыру  мен  мемлекетте  қалу  керек  функциялар  аражігін
               ажырату тәсілдерін қолдану қажеттігін көрсетті.
                      3.  Мемлекеттік  органдар  қызметін  жетілдіру  мақсатында  орталық  және
               жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар қызметшілері мен құрылымдық
               бөлімшелер санын оңтайландыру шараларын жүргізу қажеттігі дәлелденді.
                      4.  Стратегиялық  мемлекеттік  аппаратты  қалыптастыру  мақсатында
               мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілерді  бағалау  жүйесін  жетілдіру  жолдары
               ұсынылды.
                      5.  Тұрғындардың  өмір  сүру  сапасы  мемлекеттік  органдар  қызметінің
               басты  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады,  осы  көрсеткішті  арттыру
               мақсатында  мемлекеттік  органдар  қызметінің  ашықтығын  қамтамасыз  ететін
               әдістер ұсынылды.
                      Зерттеудің  теориялық  және  практикалық  маңыздылығы.  Зерттеу
               барысында  алынған  теориялық  ережелер  мемлекеттік  басқару  саласындағы
   1   2   3   4   5