Page 3 - Document
P. 3

Заңнамалық  актілер  мен  нормативтік  құжаттарды  талдау  үшін  жүйелік-
               талдау, контент-анализ әдістері қолданылды.
                      Зерттеудің  сандық  әдісі  Жамбыл  облысының  аудандары  тұрғындары
               арасында  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу  арқылы  қолданылды.  Бұған  қоса,  15
               Жамбыл  облысы  әкімі  аппаратының  құрылымдық  бөлімшелер  басшылары
               арасында сарапшылық сауалнама жүргізілді. Оның барысында нақты ойлар мен
               ұсыныстары алынды.

                      Диссертацияда  SWOT  талдау  құралдары  қолданылды,  оның  көмегімен
               жергілікті  атқарушы  органның  штатын  оңтайландырудың  әлеуетті  қауіптері
               зерттелді (Жамбыл облысы әкімі аппаратының мысалында).
                      Зерттеудің  ақпараттық  базасын  халықаралық  ұйымдар,  ғылыми-
               тәжірибелік  конференциялар  мен  семинарлар  базасының мәліметтері, сондай-
               ақ, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша мемлекеттік огандардың
               ішкі актілері құрайды.
                      Сонымен қатар, шетелдік зерттеушілердің монографиялық материалдары,
               мерзімді басылымдардағы мақалалары, алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелердің
               интернет       желісінде      орналасқан        материалдары         құрайды.      Сондай-ақ,
               диссертациялық  жұмыстың  ақпараттық  базасын  Қазақстан  Республикасы
               Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  агенттіктің  мәліметтері,  Қазақстан
               Республикасы  Президенті  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының
               талдамалық  материалдары,  халықаралық  ұйымдар  (БҰҰ,  ЭЫДҰ,  ДЖБ  және
               т.б.) құжаттары қалыптастырады.
                      Зерттеудің  теориялық-әдістемелік  базасын  мемлекеттік  басқару
               саласындағы  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың  ғылыми  зерттеулері
               құрайды.  Әдістемелік  негізін  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алған
               жылдардан  бастап,  мемлекеттік  қызмет  саласының  қалыптасу  мен  даму
               кезеңдеріне  жүргізілген  талдау  құрайды.  Сонымен  қатар,  әдістемелік  негіз
               жүйелік  және  функционалды  қағидаларға  сүйенеді,  сондай-ақ,  жалпы
               теориялық  әдістерге:  талдау,  синтез,  салыстыру,  абстракттау,  жалпылау,
               болжамдау,  жүйелік  тәсілге,  қисынды  және  экономикалық  модельдеуге
               негізделеді.
                      Мемлекеттік органдар қызметінің халықтың әл-ауқатын ықпалын байқау
               мақсатында  автормен  2019-2020  жылдары  жергілікті  мемлекеттік  органдар
               (Жамбыл  облысы  әкімі  аппараты,  аудан  әкімдіктері)  қызметшілері  мен
               тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді (1, 2 - қосымша).
                      Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы мемлекеттік органдар
               қызметін жетілдіру арқылы стратегиялық мемлекеттік аппарат құрудың жүйелі
               жолдарын  әзірлеуінде.  Зерттеудің  барысында  әдебиетке  шолу,  халықаралық
               тәжірибені  салыстырмалы  талдау,  мемлекеттік  органдар  қызметінің  қазіргі
               жағдайын  талдау  негізінде  түрлі  әлеуметтік  топтарды  қамтитын  тұрғындар,
               мемлекеттік  органдардың  (Жамбыл  облысы  әкімі  аппараты)  құрылымдық
               бөлімшелерінің  басшылары  арасында  жүргізілген  әлеуметтік  сауалнама
               негізінде  оның  ғылыми  жаңалығын  құрайтын  келесі  ғылыми  негізделген
               нәтижелер ұсынылады:
                      1.     Мемлекеттік        аппараттың         ерекшеліктерін        зерттеу      арқылы
               «стратегиялық         мемлекеттік       аппарат»       ұғымына        авторлық       анықтама
               (Стратегиялық  мемлекеттік  аппарат  –  мемлекеттік  органдар  қызметін
   1   2   3   4   5