Page 5 - Document
P. 5
отандық ғылымды толықтырып, дамытады. Халықаралық тәжірибе мен
эмпирикалық зерттеулерді талдау негізінде даярланған стратегиялық
мемлекеттік аппарат құру жағдайында мемлекеттік органдар қызметін
жетілдіру бойынша тетіктер мен практикалық ұсыныстар Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметінің дамуына үлкен ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелерінің апробациясы мен оларды енгізу. Зерттеудің
түрлі аспектілері Жамбыл облысы әкімі аппараты мен
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіндегі тәжірибе кезінде
қолданылды.
2020 жылдың 19 мамыр күні зерттеуші модераторлығымен «Грузия
мемлекеттік қызметіндегі соңғы 5 жылдағы реформалар ерекшеліктері:
сыбайлас жемқорлықпен күрес үлгісі мен мемлекеттік қызметшілер жұмысын
бағалау әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар спикерлері:
Е.Кардава – Грузия Мемлекеттік қызмет Бюросының басшысы, Г.Беселия –
Бюроның адами ресурстарды басқару департаментінің жетекшісі болды.
Вебинарға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының 2
курс докторанттары қатысты. Іс-шара барысында спикерлер баяндама жасап,
қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
Диссертациялық зерттеу аясында автормен 6 мақала, оның ішінде Scopus
компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналында,
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған
журналдарында 3 мақала, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар
материалдарының жинақтарында 2 мақала жарияланған.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация мазмұнынан,
нормативті сілтемелер тізімінен, белгілеулер мен қысқартулар тізімінен,
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі 158 атаудан тұрады.
Диссертация 20 сурет және 22 кестемен иллюстрацияланған және 4 қосымшаны
құрайды.