Page 1 - Аннотация
P. 1

«8D04113 – Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша доктор
                      дәрежесін алуға ұсынылған Қазақстан Республикасы Президентінің
                         жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты
                  Манакбаева Айгерим Бокейхановнаның «Елдің мәдени дамуы контексінде
                             киноиндустрияның әлеуметтік аудиті» тақырыбындағы
                                                диссертациялық жұмысына
                                                          АҢДАТПА

                        Зерттеу       тақырыбының            өзектілігі.      Елдің       мәдени       дамуында
                 киноиндустрияның  қосар  үлесі  зор.  Кино  қоғамдағы  маңызды  мәдени  игілік
                 болып табылады. Мәдени мұра ретінде ұлттық киноиндустрия өнімдері халықтың
                 даралығын        қалыптастыруға,         халықаралық         байланыстарды          нығайтуға,
                 мемлекеттің әлемдегі оң имиджін арттыруға ықпал етеді.
                        Қоғамдық құндылықтарды жаңарту мен елдің жаңғыру жолында киноның
                 идеологиялық  маңызы  зор.  Кино  арқылы  мемлекеттің  мүддесіне  сай  келетін
                 идеялар,  ұлттық  біртектілік  дәріптеледі,  адамгершілік,  рухани  құндылықтар
                 насихатталады. Мәдениетаралық кеңістікте өзінің бірегейлігін көрсете отырып,
                 кино  өнері  халықаралық  байланыстарды  кеңейтеді.  Осы  орайда,  мемлекет
                 отандық киноиндустрия өнімдерін ел ішінде және шетелде ілгерілетуге айрықша
                 мән беруде [1].
                        Мәдениеттің  бірегей  саласы  ретінде  киноиндустрияның  қоғамға  рухани-
                 өнегелік пайдасы зор. Кино мемлекеттің идеологиялық құралдарының бірі ретінде

                 қоғамда  әлеуметтік-мәдени  қызметтерді  жүзеге  асырады.  Отандық  кино  өз
                 көрерменіне  қоғам  мен  мемлекеттік  саясаттың  өткір  проблемаларын  сипаттап,
                 жеткізе  алу  қабілетіне  ие.  Осы  контексте,  киноөнімді  тұтынушы  ретіндегі
                 халықтың  кері  байланысы  маңызды  рөл  атқарады.  Мемлекет  «тұтынушыға
                 бағдар» қағидатын негізге ала отырып, ұлттық фильмдерді тұтынудағы қоғамдық
                 пікірді,  заманауи  үрдістерді  және  әлеуметтік-саяси  контексті  ескергені  жөн.
                 Азаматтардың  пікірін  ескеру  «халық  үніне  құлақ  асатын»  мемлекеттің  негізгі
                 элементі болып табылады.
                        Отандық фильмдердің халық арасында қабылдануы, көрерменнің пікірі мен
                 ұсыныстары  –  киноиндустрияның  әлеуметтік-мәдени  аспектісінің  маңызды
                 компоненттерінің бірі. Сол себепті, қоғамдық бағалауды қамтамасыз ететін жаңа
                 теориялық-әдіснамалық тәсілдерді іздеу қажеттігі айрықша маңызға ие болуда.
                 Фильмдердің  әлеуметтік  маңыздылығын,  халыққа  пайдалылығын  айқындауда
                 әлеуметтік аудит элементтері қолайлы болып табылады. Азаматтық белсенділікті
                 қамтамасыз ететін өзекті әдіс ретінде әлеуметтік аудит киноиндустрия саласының
                 алға қойған мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалауға, жетістіктерді саралауға,
                 олқылықтар  мен  кемшіліктерді  талдауға,  сондай-ақ  сала  өкілдерінің  халық
                 алдындағы  әлеуметтік  және  моральдық  жауапкершілігінің  критерийлерін
                 ескеруге мүмкіндік береді.
                        Сонымен қатар, әлеуметтік аудит – саланың дұрыс немесе бұрыс бағытта
                 дамып  келе  жатқанын,  қоғам  мүддесінің  қалай  ескерілгенін  түсіну.  Қоғамдық
                 бақылау  (кері  байланыс)  отандық  киноиндустрияның  сапасы  мен  ашықтығын
                 бағалауға  мүмкіндік  береді.  Әлеуметтік  аудит  киноиндустрия  саласындағы
   1   2   3   4   5