Page 5 - Аннотация
P. 5
(мотивация кезеңі); 4) қоғамдық сананы жаңғырту (құндылықтарды қайта бағалау
кезеңі).
3. «Киноиндустрия саласындағы әлеуметтік аудит – саладағы
субъектілердің әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге бағытталған қызметін,
сондай-ақ киноиндустрия өнімдерінің пайдалылығын сарапшылық және
қоғамдық пікір негізінде бағалау процесі».
4. Ұсынылып отырған әлеуметтік аудитті қолдану жөнінде әдістемелік
ұсынымдар ұйымдастырушылық мәселелерді, оны жүргізу тәсілдерін және іс-
әрекеттер алгоритмін қамтиды. Әлеуметтік аудитті киноиндустрия саласына
бейімдеу саланы мемлекеттік басқаруда қоғамдық бақылауды оңтайландыруға,
ұлттық киноның әлеуметтік-мәдени қызметін бағалауға, сондай-ақ
киноиндустрия субъектілерінің әлеуметтік және моральдық жауапкершілігінің
дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың
теориялық маңыздылығы киноиндустрия саласының әлеуметтік-мәдени
аспектісін мемлекеттік басқару тұрғысынан ғылыми тұжырымдама
жасалынуында. Кино саласын мемлекеттік саясат пен идеология призмасы
арқылы талдау мемлекеттік басқару теориясы, мәдениет әлеуметтануы,
әлеуметтік психология позициясынан зерттеудің маңызды пәні болып табылады
және мемлекеттік құрылымдар, ғылыми қоғамдастық, мәдениет және өнер
қызметкерлері мен ізденушілер үшін қызығушылық тудыра алады.
Киноиндустрия саласында әлеуметтік аудит жүргізудің әдіснамалық
ұсынымдары Мәдениет және спорт министрлігінің киноны дамыту жөніндегі
практикалық қызметінде, қолданбалы зерттеу жұмыстарында пайдалануға
болады. Сонымен қоса, зерттеудің нәтижелерін білім беру ұйымдарында, кино
кафедралары мен факультеттерінде, киномен, оның әлеуметтік-мәдени
аспектілерімен, әлеуметтік технологиялармен байланысты оқу құралдарында,
бағдарламаларда қолдануға болады.
Диссертация нәтижелерінің апробациясы. Зерттеудің негізгі
тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда ұсынылды: «Международный научно-практический форум по
социальным и поведенческим наукам» (Барнаул, 2020); «Экономика и
образование Казахстана: новые вызовы и реалии» (Семей, 2021); «Полиязычие и
межкультурная коммуникация: опыт, проблемы, перспективы», посвященной
30-летию Независимости Республики Казахстан» (Павлодар, 2022).
Диссертациялық жұмыстың негізгі қорытындылары мен тұжырымдары
бойынша халықаралық Scopus базасына енген Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз
ету комитеті ұсынған басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертация нормативтік
құқықтық сілтемелерден, қысқартулар мен анықтамалардан, кіріспеден, негізгі
3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Диссертация жұмысының көлемі 135 бетті құрайды.