Page 4 - Аннотация
P. 4

Зерттеудің әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыста киноиндустрия
                 саласы мен әлеуметтік аудит ұғымының маңызды сипаттамаларын түсіндіру үшін
                 теориялық  және  қолданбалы  әдістерінің  кешені  көзделді:  әлеуметтік  аудит
                 ұғымын  айқындап  көрсету  үшін  нақтылау  және  абстрактілеу  әдістері;
                 киноиндустрия  саласының  қазіргі  жағдайы  мен  негізгі  тенденцияларды,  даму
                 мүмкіндіктері  мен  тәуекелдерді,  әсер  етуші  факторларды  талдау  үшін  SWOT-
                 талдау, PEST-талдау құралдары қолданылды.  Қазақстандағы кинокөрсетілімнің
                 жүзеге  асырылуы  жөніндегі  ақпаратты  ұсыну  мақсатында  статистикалық
                 деректерге  талдау  жасалынды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  әлеуметтік
                 желілерде  жарияланған  қазақстандық  киноиндустрияның  жағдайы  мен  өзекті
                 мәселелері  жөнінде  сарапшылық  пікір  мен  азаматтардың  комментарийлеріне
                 контент-талдау  жасалынды.  Соңғы  30  жыл  ішінде  Қазақстанда  түсірілген
                 фильмдердегі мемлекеттік саясат идеяларының репрезентациясына тарихи тәсілді
                 қолдана отырып, дискурс-талдау жүргізілді.
                        Зерттеудің ақпараттық негізін кинематография саласындағы құқықтық-
                 нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, ғылыми баспалар мен
                 интернет-ресурстардағы  отандық  және  шетелдік  авторлардың  мақалалары,
                 зерттеулері,  бейне  материалдар,  қазіргі  заманғы  қазақстандық  фильмдер,
                 комментарийлер, кинокөрсетілімді жүзеге асыру қызметі бойынша жинақталған
                 ресми  статистикалық  деректер,  әлеуметтанулық  деректер,  кинематография
                 саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың  ресми
                 сайттарындағы мәліметтер құрады.

                        Зерттеудің жаңалығы ретінде мынадай басты нәтижелер ұсынылады:
                        –  мәдени  саланың  маңызды  бөлігі  ретінде  ұлттық  киноиндустрияны
                 дамытудағы мемлекеттік басқару жүйесінің орны мен рөлі айқындалды;
                        –  негізгі  мемлекеттік  бағдарламалық  құжаттардың  мазмұнын  отандық
                 фильмдердің  хабарламаларымен  салыстыра  талдау  арқылы  қазақстандық
                 кинодағы мемлекеттік саясаттың көрінісі жүйеленді;
                        – киноиндустрия саласының әлеуметтік-мәдени қызметін, киноөнімдерінің
                 қоғамдық пайдасын бағалауды көздейтін «әлеуметтік аудит» ұғымына авторлық
                 түсіндірме ұсынылды;
                        –  киноиндустрия  саласын  мемлекеттік  басқаруда  әлеуметтік  аудитті
                 қолдану үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
                        Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
                        1.  Киноиндустрия  елдің  мәдени  дамуы  үшін  құндылықтар  мен  мәдени-
                 эстетикалық  талғамды  қалыптастыру  құралы  ретінде  маңызды  рөл  атқарады.
                 Ұлттық киноиндустрияны дамытуда мемлекеттік басқару жүйесі елеулі  орынға
                 ие.  Қазақстандағы  мемлекеттік  қолдау  шаралары  ұлттық  фильмдердің
                 басымдығын  арттыруға,  оларды  қаржыландырудың  ашықтығын  қамтамасыз
                 етуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, кино өнімдері арқылы елдің оң имиджін
                 қалыптастыруға ықпал етеді.
                        2.  Елдегі  мемлекеттік  саясаттың  басым  бағыттарымен  және  жаңғыру
                 процестерімен байланысты кинодағы идеологиялық өзгерістерді 4 кезеңге бөліп
                 қарау ұсынылады: 1) институционалдық жаңғыру (идеологиялық вакуум кезеңі);
                 2)  экономикалық  жаңғыру  (өткенге  рефлексия  кезеңі);  3)  әлеуметтік  жаңғыру
   1   2   3   4   5