Page 2 - Аннотация
P. 2

субъектілердің  қоғамның  әлеуметтік-мәдени  сипаттағы  мәселелеріне  назар
                 аударуы мен оларды шешуге үлес қосуына мән береді.
                        Бұл  зерттеудің  өзектілігі  мәдени  сала  ретінде  киноиндустрия  саласын
                 мемлекеттік  басқаруда  оның  қоғамдық  пайдасын  көрсетуге  ықпал  ететін
                 әлеуметтік        аудит       құралын        қолдану        қажеттігінің         негізделуінде.
                 Киноиндустрияның  әлеуметтік  аудитін  қолдану  перспективасы  киноиндустрия
                 саласының қоғамға әсерін бағалауға және әлеуметтік өлшемдерді жүзеге асыруға,
                 сондай-ақ  Қазақстандағы  киноиндустрияны  мемлекеттік  және  қоғамдық
                 басқаруды жетілдіру бойынша ғылыми және практикалық сипаттағы ұсыныстар
                 тұжырымдауға мүмкіндік береді.
                        Жұмыстың  ғылыми  зерттелу  дәрежесі.  Киноның  теориялары  туралы
                 құнды  мәліметтер  С.  Фрейлих,  Т.  Эльзессер,  М.  Хагенер,  Ф.  Сид  сияқты
                 ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Киноның қоғамдағы рөлі, философиялық
                 мәні және оның идеялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси қызметтерінің маңызы
                 туралы      мәселелер       бірқатар      шетелдік       ғалымдардың,         соның       ішінде
                 Ж.  Делездің,  В.  Тосидің,  M.  Вальктің,  М.  Маклюеннің,  Э.  Алтенлоның,
                 Г. Блумердің еңбектерінде көрініс табады.
                        Киноиндустрия  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  қағидалары,  ұлттық
                 киноны  мемлекеттік  қолдау,  қаржыландыру,  бірлескен  киноөндірісті  дамыту
                 тетіктері  туралы  мәселелерге  J.  Hill,  N.  Kawashima,  С.  Комиссаров,  A.  Lange,
                 T.  Westcott,  C.  Parvulescu,  F.  Pitassio,  P.  Bilik,  J.  Poort,  G.  Til,  М.  Жабский,
                 А. Голутва,  A.  Aranburu,  Л.  Ал-Нсур,  А.  Макаров,  Н.  Каримова,  А.  Евменов,

                 П. Данилов,  Т.  Ртищева,  Н.  Головецкий,  К.  Смирнов,  А.  Малышев  сияқты
                 ғалымдардың еңбектері арналған.
                        Қазақстандық         ғалымдар         мен       кино       қайраткерлері        отандық
                 киноиндустрияның өзекті мәселелерін зерттеп, киноны дамытудың проблемалары
                 мен жаңа тенденцияларын белсенді талқылауда. Сондай ғалымдардың арасынан
                 Г. Әбікееваны,           Е. Тұрсыновты,             О. Борецкийді,           Н. Мукушеваны,
                 Г. Мурсалимованы,             Р. Нугмановты,           Б. Нөгербекті,          М. Ергебековті,
                 Ш. Уразбаеваны, А. Тұяқбаеваны, А. Хамзаны атап өтуге болады.
                        Отандық ғалымдар қазақ киносындағы дәстүр, фольклор, образдар, ұлттық
                 рух  сияқты  қазақ  киносының  дамуының  теориясы  мен  практикасы  бойынша
                 зерттеулер жүргізуде. Дейтұрғанмен, киноиндустриядағы мемлекеттік саясаттың
                 рөлі,        киноиндустрияның               әлеуметтік-экономикалық                аспектілері,
                 киноиндустриядағы мемлекеттік саясат, отандық кинематографияны дамытудың
                 басымдықтары, жалпы алғанда, отандық ғылымда жеткілікті түрде зерттелмеген.
                 Бұл мәселелер жеке ғылыми еңбекте көрсетілмеген.
                        Мемлекеттік басқару тұрғысынан кино процесі туралы білімнің қоғамдық
                 маңыздылығы сапалы кино өнімдерін бұрын туындаған мәселелерді шешудің оң
                 тәжірибесіне,  кино  туралы  әлеуметтанулық  білімге  сүйенбей  жасау  мүмкін
                 еместігімен  де  байланысты.  Осы  орайда,  саланы  басқару  негіздері,
                 киноиндустрияны  мемлекеттік  қолдау,  әлеуметтік  аудитті  киноиндустрияда
                 қоғамдық бақылау құралы ретінде пайдалану мәселелерін зерделеу және талдау
                 өте өзекті болып табылады.
   1   2   3   4   5