Page 3 - Аннотация
P. 3

Диссертациялық  зерттеудің  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасында
                 киноиндустрияның  дамуын  мемлекеттік  басқарудың  жай-күйін  талдау  және
                 киноиндустрияның  мәдени  сала  ретінде  дамуын  бағалауда  әлеуметтік  аудитті
                 қолдану жөнінде теориялық-практикалық ұсынымдар әзірлеу.
                        Аталған  мақсатқа  жету  үшін  алдымен  мынадай  зерттеу  сұрақтары
                 туындайды:
                        1. Елдің қоғамдық құрылымында киноиндустрия қандай орынға ие?
                        2.  Киноиндустрияны  мәдениеттің  маңызды  саласы  ретінде  дамытудағы
                 мемлекеттің рөлі қандай?
                        3.  Қазақстандық  киноиндустриядағы  әлеуметтік  аудит  институтының
                 болашағы  қандай,  азаматтық  қоғамның  киноиндустрияны  басқаруға  қатысу
                 мүмкіндіктері қандай?
                        Жоғарыда аталған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттеу мақсатына жету
                 үшін мынадай міндеттер қойылды:
                        –  киноиндустрияның  әлеуметтік-мәдени  аспектісін  зерттеудің  теориялық
                 негіздерін зерделеу;
                        –  тақырыптың  ерекшелігін  сипаттау  және  қазіргі  мәдениеттегі
                 киноиндустрияның дамуының негізгі тенденцияларын анықтау;
                        – киноиндустрияның әлеуметтік-мәдени қызметін бағалау құралы ретінде
                 әлеуметтік аудиттің қажеттілігін негіздеу;
                        – отандық киноиндустрияның қазіргі жай-күйін талдау, саланың маңызды
                 проблемалық мәселелерін айқындау;

                        –  киноиндустрия  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  аспектілері
                 мен басым бағыттарды түсіну;
                        –  қазақстандық  киноиндустрияны  басқаруда  әлеуметтік  аудитті  қолдану
                 перспективасын ашып көрсету;
                        – киноиндустрия саласында әлеуметтік аудитті жүйелі енгізудің әдістемелік
                 ұсынымдарын әзірлеу.
                        Зерттеудің  объектісі  –  мемлекеттің  мәдени  саласын  басқарудағы
                 киноиндустрияның орны және қоғамдық пайдасы.
                        Зерттеудің  пәні  киноиндустрия  саласының  әлеуметтік-мәдени  қызметін
                 бағалау құралы ретінде әлеуметтік аудитті қолдану.
                        Зерттеудің  гипотезасы.  Киноиндустрия  саласының  әлеуметтік-мәдени
                 қызметін  және  қоғамдық  пайдасын  айқындауда, киноиндустрияны  мемлекеттік
                 басқаруда әлеуметтік аудитті қолдану ықтимал.
                        Диссертациялық  жұмыстың  теориялық  негізін  қазіргі  заманғы
                 мемлекеттік  басқару  теориялары  мен  тұжырымдамалары,  good  governance
                 қағидалары,  әлеуметтік  аудиттің  теориялық-әдіснамалық  тұжырымы,  мүдделі
                 тараптар теориясы, сонымен қоса, құрылымдық-функциялық, әлеуметтік алмасу,
                 жанжалдар  теориясы,  символдық  интеракционизм  сияқты  әлеуметтанулық
                 теориялардың  идеялары  құрайды.  Бұдан  бөлек,  киноиндустрияның  әлеуметтік-
                 мәдени  аспектілері,  кино  саласын  мемлекеттік  қолдау  тетіктері  бойынша
                 жазылған  отандық  және  шетелдік  ғалымдардың  іргелі  зерттеу  нәтижелері  мен
                 ғылыми еңбектері қолданылды.
   1   2   3   4   5