Page 27 - ЭПК
P. 27

Курс  орталық  мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  атқарушы  органдардың
                  қызметін бағалау үшін мемлекеттік аудит жүргізу дағдыларын игеруге; қызметті
                  бағалаудың  негізделген  критерийлері  мен  көрсеткіштері  негізінде  мемлекеттік
                  органдардың қызметін талдау және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті
                  атқарушы  органдардың  қызметін  жетілдіру  жөнінде  ұсынымдар  әзірлеу
                  дағдыларын дамытуға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Шетелдік  тәжірибені  ескере  отырып,  тиімділік  аудитін  жүргізу  әдістерін
                  меңгереді. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың
                  қызметін  талдау  мен  бағалауға  жүйелі  тәсілді  көрсетеді.  Мемлекеттік
                  органдардың  қызметін  бағалау  критерийлері  мен  қызметін  жетілдіру  жөніндегі
                  ұсынымдарды негіздей алады

                  2.  Мемлекеттік қызметшілерге арналған тілдік құзыреттер (ағылш.тілі)
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        3 (Күзгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Ағылшын тілін еркін меңгеру, жағдайды аналитикалық түсіндіру және түсініктеме
                  беру,  тілді  кәсіби  және  шығармашылық  меңгеру  қабілеттерін  дамытуға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Риториканы, коммуникация негіздерін, сауатты ауызша және жазбаша сөйлеуді
                  меңгереді

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Экономиканы реттеудің ақша-несие және қаржы құралдары
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс шетелдік тәжірибені ескере отырып, экономиканы басқарудың ақша-кредит,
                  қаржы құралдарын, оның ішінде экономиканы реттеудің кредиттік, салық-бюджет
                  құралдарын  игеруге;  экономиканы,  саланы  дамытуға  және  өңірлерді  дамытуға
                  салық-бюджет  және  басқа  да  қаржы  құралдарының  әсерін  бағалау  іскерлігін
                  дамытуға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Экономиканы реттеудің ақша-кредит және салық-бюджет құралдарын меңгереді.
                  Жоғарыда аталған құралдардың экономиканы, жекелеген салаларды, сондай-ақ
                  өңірлерді  дамытуға  әсерін  бағалауға  жүйелік  көзқарасты  көрсете  алады.  Бұл
                  құралдарды  белгілі  бір  саланы  дамыту  және  өңірлерді  дамыту  үшін  қолдана
                  алады

                  2. Мемлекеттік басқарудың ақпараттық-талдамалық технологиялары
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  сандық  басқару  платформалары  шеңберінде  аналитикалық  және
                  компьютерлік  құралдарды  қолдану  бойынша  құзыреттерді  дамытуға;  әртүрлі
                  ресурстар мен ақпараттық базаларда қамтылған үлкен деректерді жинау, өңдеу
                  және талдаудың заманауи әдістері мен технологияларын пайдалануға;
                  мемлекеттік  басқарудың  тиімділігін  бағалау  және  деректерді  талдау  негізінде
                  шешімдер  қабылдау;  басқарушылық  шешімдердің  тиімділігі  мен  негізділігін
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32