Page 31 - ЭПК
P. 31
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Стратегиялық ойлауды дамыту әдістерін тиімді қолдану дағдыларын;
"вертолеттік"көзқарас тұрғысынан өз қызметін талдау дағдыларын меңгереді;
логика негізінде өз шешімдерін дәлелдейді
2. Коммуникацияларды басқару
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс әртүрлі типтегі ұйымдарда интеграцияланған коммуникацияларды басқару
процесін құру принциптерін жүйелі түсінуді қалыптастыруға; сыртқы және ішкі
стейкхолдерлермен ұйымның коммуникацияларын құрудың кешенді тәсілін
зерделеуге; тиімді коммуникацияның практикалық құралдарын игеруге; әртүрлі
типтегі ұйымдардың коммуникациялық саясатын талдау және жетілдіру үшін
қажетті практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Түрлі дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін қолдана алады, ортақ
мақсатқа жету үшін ұжым ішінде тиімді өзара іс-қимыл орната алады,
мемлекеттік органның беделін қалыптастыра алады, жанжалдарды тиімді
басқара алады, негізгі стейкхолдерлермен жұмыс жасай алады
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және комплаенс
Кредиттер саны 3
Семестр 1 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегияларды, тәсілдер мен тәжірибелерді игеруге;
халықаралық аренада сыбайлас жемқорлықты қабылдауды зерттеудің
талдамалық және тұжырымдамалық дағдыларын дамытуға; ұйымдардың
қызметіне комплаенс саясатын енгізу бойынша құжаттаманы әзірлеу
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау дағдыларын меңгереді, Қазақстан
Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының қолданыстағы тұжырымдамасын іске асырады және бағалайды,
ұйымдардың қызметіне комплаенс құралдарын біледі және қолдана алады
Жинау қажет – 6 кредит
1. Мінез-құлық экономикасы
Кредиттер саны 3
Семестр 2 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс экономикалық мінез-құлықты зерттеудің әмбебап әдістерін зерттеуге,
деректерді сандық талдау әдістерін зерттеуге, деректерді жинауға, өңдеуге,
модельдер құруға, талдау нәтижелерінің дұрыстығына тексеруге және
жүргізілген талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Деректерді сандық талдаудың құралдары мен әдістерін қолдана алады,
мәліметтер базасын жинай алады, аналитикалық модельдер құра алады және
жүргізілген талдау негізінде экономика саласында басқарушылық шешімдер
қабылдай алады