Page 32 - ЭПК
P. 32

2. Мемлекет және бизнес
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  мемлекеттік  билік  органдары,  бизнес-құрылымдар  мен  азаматтық  қоғам
                  ұйымдары арасындағы қатынастарды елдегі шешім қабылдау процесінің негізгі
                  акторлары ретінде зерттеуге; қарым-қатынасқа қатысушылардың функциялары
                  мен  мүдделерін  қарауға;  осы  қатысушылар  арасындағы  өзара  іс-қимыл
                  тетіктерін;  мемлекет  пен  бизнес  арасындағы  өзара  іс-қимылды  жетілдірудің
                  артықшылықтары, кемшіліктері мен жолдарын зерттеуге бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Билік пен бизнестің өзара іс-қимылының негіздері мен тетіктерін біледі; билік пен
                  бизнестің өзара іс-қимылының құралдары мен тетіктерін қолдана алады

                  3. Экономикалық қауіпсіздік
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  экономикалық  азық-түлік  қауіпсіздігін  басқару  тетігін,  экономикалық
                  қауіпсіздіктің шекті мәндерін, деңгейлері мен құрамдас бөліктерін, экономикалық
                  қауіпсіздікке төнетін қатерлерді айқындау құралдарын зерделеуге; макрожүйенің
                  барлық  деңгейлерінде  елдің,  өңірлердің,  субъектілердің  экономикалық
                  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласында  басқарушылық  шешімдер  қабылдау
                  дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Экономикалық азық-түлік қауіпсіздіктің индикаторлары мен көрсеткіштерін біледі,
                  экономикаға      мониторинг      жүргізе,    қауіптерді     болжай,     анықтай,     шекті
                  көрсеткіштерді  анықтай  алады;  ұлттық  макрожүйелердің  барлық  субъектілері
                  үшін  ықтимал  қауіптерді  ескере  отырып,  дағдарысқа  қарсы  басқару  жөніндегі
                  стратегияларды әзірлей алады

                  4. Тұрақты дамуды басқару
                  Кредиттер саны                                 3
                  Семестр                                        2 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс "Жасыл" экономика қағидаттары бойынша экономикалық өсу мен орнықты
                  дамудың негізгі тұжырымдамалары мен модельдерін, орнықты дамуды бағалау
                  әдістеріне  қатысты  білімін  қалыптастыруға,  "жасыл"  өсу  факторлары  мен
                  көздерін  талдау,  креативті  экономика  және  орнықты  даму  негізінде  орнықты
                  дамудың ұзақ мерзімді перспективаларын анықтау дағдыларын қалыптастыруға
                  бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Негізгі экономикалық субъектілердің мінез-құлқы мен өзара іс-қимылын "жасыл"
                  экономикалық  өсу  және  орнықты  даму  тұрғысынан  талдайды,  факторларды
                  анықтайды  және  индикаторларды  таңдауды  жүзеге  асырады  және  дамудың
                  тиімділігі  мен  орнықтылығын  бағалауды  жүргізеді,  "жасыл" экономикалық өсуді
                  және  қоғамның  орнықты  дамуын  қамтамасыз  етудің  мемлекеттік  саясатының
                  стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын айқындайды және негіздейді
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37