Page 28 - ЭПК
P. 28
арттыру мақсатында талдамалық материалдарды дайындау бойынша
әдістемелерді қолдану дағдыларын арттыруға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық-талдамалық жұмыстың ерекшелігін біледі;
деректерді құрылымдауды, деректер модельдерін (әртүрлі көздердің
байланысы) құруды, деректерді өңдеуді және талдауды, ғылыми зерттеулердің
нәтижелерін ұсыну үшін, сондай-ақ мемлекеттік басқаруда шешімдер қабылдау
үшін деректерді тиімді визуализациялай алады
3. Қолданбалы эконометрикалық талдау
Кредиттер саны 2
Семестр 4 (Көктемгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс білім алушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға;
экономикалық процестерді сипаттайтын деректерді талдаудың эконометрикалық
әдістерін тереңдетіп зерделеуге, аталған құралдарды практикада қолдану
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Эконометрикалық есепті қою принциптерін, оны шешудің негізгі мәселелерін
біледі, әлеуметтік-экономикалық процестерді сипаттайтын эконометрикалық
модельдерді бағалай алады, гипотезаларды сынай алады және
эконометрикалық модельді дамыта алады
«8D04113 – Мемлекеттік басқару»» білім беру бағдарламасы үшін
DPA – 2023 (3 жылдық)
Жинау қажет – 2 кредит
1. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділік аудиті
Кредиттер саны 2
Семестр 3 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың
қызметін бағалау үшін мемлекеттік аудит жүргізу дағдыларын игеруге; қызметті
бағалаудың негізделген критерийлері мен көрсеткіштері негізінде мемлекеттік
органдардың қызметін талдау және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті
атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу
дағдыларын дамытуға бағытталған
Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
Шетелдік тәжірибені ескере отырып, тиімділік аудитін жүргізу әдістерін
меңгереді. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың
қызметін талдау мен бағалауға жүйелі тәсілді көрсетеді. Мемлекеттік
органдардың қызметін бағалау критерийлері мен қызметін жетілдіру жөніндегі
ұсынымдарды негіздей алады
2. ESG принциптері негізінде мемлекеттік саясатты талдау
Кредиттер саны 2
Семестр 3 (Күзгі семестр)
Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
Курс тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ESG жобалары
мен бағдарламаларын жауапты жүргізу саласындағы жаһандық трендтерге
сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету,