Page 43 - ЭПК
P. 43

барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін сапалар мен қабілеттер ретінде
                  уақытты басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Жұмысты және жеке уақытты тиімді бөлу арқылы еңбек өнімділігін арттырудың
                  әдістері  мен  тәсілдерін  біледі;  көптапсырмалы  режимде  жұмыс  істеу  кезінде
                  басымдық  беру  әдістерін,  басты  нәрсеге  зейін  қоюды  біледі;  тапсырмалардың
                  көлемін, орындалу мерзімін және жұмыс көлемін сәтті анықтайды

                  Жинау қажет – 4 кредит
                  1. Білім және мәдениет саласындағы  саясат
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  білім  беру  мен  мәдениеттің  ұлттық  жүйесінің  жұмыс  істеуі  мен  дамуын
                  қамтамасыз  ету  әдістері  мен  жолдарын,  білім  беру  және  мәдениет  саясатын
                  жүзеге асырудың нысаны мен сипатын зерттеуге бағытталған.  Білім беру және
                  мәдениет       саясатының       саяси,     идеологиялық,        әлеуметтік,      құқықтық,
                  ұйымдастырушылық,           басқарушылық,        қаржылық-экономикалық           құрамдас
                  бөліктеріне басты назар аударылады.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Білім  және  мәдениет  саласындағы  саясатты  іске  асырудың  негізгі  принциптері
                  мен тетіктерін біледі, осы саладағы мәселелерді олардың даму ерекшеліктерін
                  ескере отырып шешудің кешенді жолдарын әзірлеуді біледі.

                  2. Тәуекел-менеджмент
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  тәуекел-менеджмент  әдіснамасын  қолдануға,  қауіп-қатерді  талдауға  және
                  оны  төмендету  мен  бейтараптандыру  жөніндегі  іс-шаралардың  нәтижелерін
                  бағалауға  негізделген  тәуекелдерді  басқару  саласындағы  практикалық
                  дағдыларды,       сондай-ақ      ұйымда      тәуекел-менеджментті         ұйымдастыруға
                  байланысты рәсімдерді ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға бағытталған
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Қауіп-қатерді  талдаудың  заманауи  әдістерін  біледі  және  іс  жүзінде  қолдана
                  алады,  қауіп-қатерді  бағалауды  ескере  отырып,  басқарушылық  шешімдердің
                  балама нұсқаларын ұсынады

                  3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
                  Кредиттер саны                                 2
                  Семестр                                        4 (Көктемгі семестр)
                  Курстың дескрипторы (қысқаша сипаттама):
                  Курс  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  субъектілері  мен  құралдарын,
                  кәсіпкерлік  субъектілерінің  мемлекет  және  қаржы  институттарымен  өзара
                  әрекеттесуін  зерттеуге  бағытталған.  Курс  кәсіпкерлікті  қолдаудың  қаржылық
                  және  қаржылық  емес  құралдарын,  қолдау  құралдарының  бизнесті  ашу  мен
                  жүргізудің жеңілдігіне әсерін зерттейді.
                  Курс бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
                  Кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдаудың  тиімді  жүйесін  қалыптастыру  дағдыларын
                  меңгерген.
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48