Page 23 - Стратегия АГУ
P. 23
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
«Сапалы білім беру» бағыты бойынша:
1. Академияда оқу сапасына қанағаттанған мемлекеттік
қызметшілердің үлесі кемінде 94%-ды құрайды (2023 жылы – 94,1%, 2024
жылы – 94,2%, 2025 жылы – 94,3%);
2. Академия түлектерінің кәсіби даярлығының сапасына мемлекеттік
органдардың қанағаттану үлесі кемінде 90%-ды құрайды;
3. Академияда мемлекеттік тілде өткізілетін біліктілікті арттыру
семинарларының және қайта даярлау курстары пәндерінің үлесі
60%-ға жетеді (2023 жылы – 50%, 2024 жылы – 55%, 2025 жылы – 60%);
4. Академия түлектерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін 80%-ға С1
деңгейіне дейін арттыру;
5. Пайдаланушыларды жаңартылған QAZAQ RESMI TEST
бағдарламасымен қамтуды жылына 5 мыңға дейін ұлғайту;
6. Оқуды бітіргеннен кейін үш жыл ішінде Академия түлектерінің
кемінде 40%-ның мансаптық өсуі;
7. Үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне кіретін шетелдік
жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламаларының санын 4-ке дейін
ұлғайту;
8. LMS Icademium және www.reg-apa.kz білім беру ақпараттық
жүйелерінің «Е-kyzmet» ақпараттық жүйесінің кадрлық бизнес-
процестерімен интеграциясын қамтамасыз ету.
«Қолданбалы зерттеулер» бағыты бойынша:
9. Академияны «Global Go To Think Tank Index» халықаралық
рейтингінде 50-орыннан төмен емес орынға шығару;
10. Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін
Академияның «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет»
(«Экономикалық ғылымдар, мемлекеттік басқару» бағыты) журналының
21