Page 22 - Стратегия АГУ
P. 22
жұмыс жалғастырылатын болады. Аудиториялық қорды кеңейтуге және
сабақтарды сапалы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға көп көңіл
бөлінеді.
Сондай-ақ, таланттарды тарту және Академияның жоғары кәсіби
қызметкерлерін ұстап қалу бойынша кадр саясатын жетілдіруге назар
аударылатын болады. Қызметкерлерді «Болашақ» бағдарламасы аясында
ғылыми-зерттеу тағылымдамаларына және шығармашылық академиялық
демалыстарға жіберу практикасы жалғасатын болады.
Бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы филиалдардың әкімшілік
бөлімдерін орталықтандыру сапалы білім беру мен өзге де қызметтерді
көрсетуге босатылған ресурстарды арнауға мүмкіндік береді.
Пайдалану шығындарын қысқарту мақсатында филиалдар негізінен
алаңдарды жалға алып, бірқатар функцияларды бәсекелі ортаға (аутсорсинг)
беретін болады.
Қолда бар ақпараттық жүйелер жедел басқару және тиімді басқару
шешімдерін қабылдау үшін бірыңғай платформаға интеграцияланатын
болады.
Академия оң имиджін ілгерілету үшін ақпараттық кеңістікте және
әлеуметтік желілерде белсенділік танытатын болады.
Академия түлектерін білім беру, зерттеу, әлеуметтік жобаларға тарту
арқылы олармен жұмыс жандандырылады. Бұл жұмыс ICademium үшінші
модулі базасында түлектерді мониторингілеу процесімен синхрондалатын
болады.
Академияның балансында өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі
қаржыландыру қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Жас мемлекеттік
қызметшілерге арналған үй» бар. Үйді қанағаттанарлық жағдайда ұстау үшін
үй пайдалануға берілген сәттен бастап жүргізілмеген күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу бойынша
жұмыс жүргізу қажет.
20