Page 21 - Стратегия АГУ
P. 21

ТИІМДІ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

                  Академия құрылымында «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару
           ұлттық  орталығы»  АҚ-ның  бірқатар  функцияларын  бере  отырып,  HR

           институты  құрылады,  ол  мынадай  міндеттерді  орындауға  баса  назар
           аударатын болады:
                  - мемлекеттік органдардың кадрлық іс жүргізуін цифрландыру;
                  -  таланттарды  іштей  және  сырттай  іздеу,  мемлекеттік  қызметке
           рекрутинг;
                  -  HR  менеджменті  бойынша,  оның  ішінде  мемлекеттік  органдардың
           персоналды          басқару      қызметтерінің          қызметкерлерін           оқыту      және
           сертификаттау;
                  - мемлекеттік қызметте адами ресурстарды басқаруға талдау жүргізу;
                  -    кейбір      саяси     қызметшілер,         «А»     корпусының          мемлекеттік
           қызметшілері,  Президенттік  жастар  кадр  резервіне  үміткерлер,  Академия
           білім алушылары үшін ассессмент-орталық өткізу;
                  - мемлекеттік қызметте стратегиялық HR-ды дамытуға жәрдемдесу.
                  HR институтын құру үшін Академия мемлекеттік қызмет саласындағы
           уәкілетті органмен бірлесіп, құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және
           қаржылық мәселелерді пысықтайтын болады.
                  Академия  жобалық  менеджмент  саласында  қызметкерлерді  оқыту

           және       сертификаттау,          бизнес-процестерді           оңтайландыру,          жобалық
           менеджментті            енгізу,      ассессмент-орталықты               жүргізу,       сыбайлас
           жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу бойынша консалтингтік қызметтер
           көрсету  арқылы  мемлекеттік  органдар  мен  өзге  де  ұйымдардың  әлеуетін
           арттыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.
                  Академия  мен  оның  филиалдарын  білім  алушыларға,  қызметкерлер
           мен  серіктестерімізге  идеяларды  барынша  жайлылықпен  іске  асыруға
           мүмкіндік  беретін  кеңістік  ретінде  инфрақұрылымдық  дамыту  бойынша


                                                           19
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26