Page 19 - Стратегия АГУ
P. 19
ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы
қолданбалы зерттеулердің, мемлекеттік органдардың басқару шешімдеріне
ғылыми сараптама жүргізудің және аналитикалық сүйемелдеудің
маңыздылығы артып келеді.
Академия болашақта Мемлекет басшысы, ПӘ және МҚІА үшін ақыл-ой
орталығына (Think Tank) айналады. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік
қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша қолданбалы зерттеулерді
жандандыру қаржыландыру және біліктілігі жоғары сарапшы-аналитиктерді
тарту мәселелерін пысықтауды талап етеді.
Аналитикалық және ғылыми жұмысқа қызметкерлер, білім алушылар
мен тыңдаушылар, отандық және шетелдік сарапшылар қатарынан ғылыми
және сараптамалық әлеует тартылатын болады. Зерттеу мәдениеті ғылыми
қызметкерлерді ынталандыру құралдарын қолдана отырып, оқу процесіне
интеграцияланады, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар
сапалы зерттеулер жүргізетін болады.
Зерттеу нәтижелері Академияның «Мемлекеттік басқару және
мемлекеттік қызмет» журналында, рецензияланатын ғылыми журналдарда
жарияланып, халықаралық конференцияларда баяндалатын болады.
Академияның «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы
(«Экономикалық ғылымдар, мемлекеттік басқару» бағыты) ғылыми
қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне және
«Scopus» деректер базасына енгізілетін болады.
Халықаралық ғылыми ұйымдармен кооперацияда қолданбалы
зерттеулерге қатысу арқылы Global Think Tank Index әлемдік рейтингінде
17