Page 30 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 30
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
1-кесте.Ақтөбе облысы бойынша ауыл әкімдері қызметінің тиімділігін
бағалау көрсеткіштері
Бағыттар Көрсеткіштер
1 Мемлекеттік және өңірлік Ауылдық елді мекендерде орындалатын
бағдарламалар мемлекеттік және өңірлік
бағдарламаларды орындау, мың теңге
2 Экономикалық даму Салық түсімдері
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің
саны
Жұмыссыздық деңгейі
Азық-түлікпен қамтамасыз ету және т.б.
3 Әлеуметтік даму Әлеуметтік нысандардың болуы
Әлеуметтік желілердегі белсенділік
Қылмыс деңгейі және т.б.
4 Инженерлік инфраструктура Жол, жарықтандыру, интернет, суармалы
жерлерді пайдалану және т.б.
Ескерту: автор Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының есептері негізінде жасаған
Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жыл
сайын Ұлттық экономика министрлігімен келісілген жоғарыда көрсетілген
критерийлер бойынша 12 ауданның ауылдық округ әкімдері қызметінің
рейтингін жасайды. 2022 жылғы ауыл әкімдері қызметінің тиімділігі рейтингінің
қорытындысы бойынша Шалқар (12 ауылдық округ), Қарғалы (8 ауылдық округ)
және Ойыл (7 ауылдық округ) көшті бастап тұр, Хромтау (14 ауылдық округ),
Мұғалжар (12 ауылдық округ) және Ырғыз аудандары(7 ауылдық округ)
аутсайдерлер болды.
Ауыл әкімдерінің жобалық ойлау машықтары мемлекеттік және өңірлік
бағдарламалардың, жобалардың өз елді мекенінде сәтсіз жүзеге асырылуы,
маңызды көрсеткіштерді орындамау, өзара байланыстар тиімсіздігі, саяси және
экономикалық орта тұрақсыздығы, жобалар мерзімі мен бюджетін сақтамау,
ресурстарды тиімсіз пайдалану мәселелерін болдырмауды көздейді.
Дайындаған: Есберген Раушан Әкімгерейқызы, ҚР Президентінің
жанындағы МБА Ақтөбе облысы бойынша филиалының профессоры, э.ғ.к.
III. Повышение квалификации
Кейс: Планирование первоочередных задач
30