Page 34 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 34
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
8) жергілікті жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
9) кент, ауыл шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін
қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.
Ауылдық округ әкімі жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдау
барысында Заң талаптарына сай жұмыс жүргізбеген.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4)
тармақшасына сәйкес ауылдық округ әкімі шешімдерді дайындау және
қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз
қолдау көрсеткен.
Дайындаған: Негметжанова Мариям Кадыровна, Академияның Жетісу
облысы бойынша аға оқытушысы
Кейс: Жер мәселесі
Мәселе:
Қазақстанда бүгінде жер дауына байланысты көптеген мәселелер бар.
Соның бірі жерді жалға беру немесе уақытша пайдалануға берудегі шаруа
қожалықтары арасындағы тартыс. Себебі, жерді шаруа мемлекеттен 49 жылға
жалға алады. Алайда, оны екінші біреуге бере алмайды. Кейде кәсіпкерлер
арасында өзара уағдасталастық тұрғысында жер бір иеліктен екіншіге заңсыз
өтіп жатады. Бұл, өз кезегінде, жер дауы бойынша үлкен дауға, сотқа жүгінуге
алып келеді. Яғни, бұл тұста жерге жеке меншік иесінің қожалық ету мәселесі
бойынша қиындықтар туындайды. Мәселен, жергілікті жердегі үлкен шаруа
қожалығының иесі мемлекеттен 4000 га жерді жалға алады. Бірнеше жылда
шаруашылық дамып, мал өсіріп, егін егіп, ауылдың адамдарын жұмыспен
қамтиды, халыққа және жергілікті әкімдікке көмек көрсетеді.
Бір жолы шаруа қожалығының төрағасы денсаулығының нашарлауына
байланысты шетелде ұзақ уақытқа ем алуына мәжбүр болады. Өзінің басқару
өкілдігін жақын туысқанына тапсырады. Туысқаны бір жарым жыл қожалыққа
иелік етеді. Дертінен сауыққан шаруа қожалығының төрағасы ісіне кірісейін деп
келсе, өзі тағайындап кеткен басқарушы туысы шаруа қожалығына тиесілі
барлық жерді, мал-мүлік пен техниканы өз атына аударып алыпты. Сонымен
қатар қожалықтың жұмысын әлсіретіп, жұмысшыларға дұрыс еңбекақы
төлемеген, жұмысшыларға тиесілі азық, мал жем-шөбін басқа таныстарына
жіберіп, сатылымға қойған. Осы жағдайлар ел арасында қызу талқыланып,
жергілікті және аудандық әкімдікке халықтан шағым түседі. Халық арасында
«аудан, округ әкімдері қайда қарап отыр, мәселені неге шешпейді?» деген
наразылықтар туындаған. Бұрынғы төраға барлық дүниесінен айырылған соң
дәрменсіздік танытады.
34