Page 33 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 33

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ



                                                      IV.    Жер мәселесі


                  Кейс: Азаматтардың жер алу мәселесі

                  Мәселе:
                  Аудандық жер комиссиясының хаттамасы негізінде ауылдық округ әкімі бас
            жоспардағы  жер  учаскесін  құрылыстар  мен  ғимараттарға  қызмет  үшін  деген
            уәждермен дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған.
                  Бұдан бөлек, ауылдық округ әкіміне дәл сол жерді Қанат Шакенов өзіндік
            қосалқы  шаруашылығын  жүргізу  туралы  өтініш  білдіріп,  аудандық  жер

            комиссиясының хаттамасы негізінде ауыл округінің әкімі бас жоспарға сәйкес
            келмейтіндігін біле тұра жер телімін беру туралы шешім қабылдайды. Айта кету
            керек, аталған жер учаскелері ауылдың бас жоспарына сәйкес құрылыстар мен
            ғимараттарға қызмет үшін  арналған. Ауыл округінің әкімі қаншалықты дұрыс
            шешім қабылдады?


                  Шешу жолдары:
                  Мемлекеттік  меншіктегі  жерді  және  пайдалануға  берілмеген  жер
            учаскелерін  беруді  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,
            астананың,  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар  қалалардың  жергілікті
            атқарушы  органдары,  аудандық  маңызы  бар  қалалардың,  кенттердің,
            ауылдардың,  ауылдық  округтердің  әкімдері  Жер  кодексінде  белгіленген  өз
            құзыреті  шегінде  учаскелердің  орналасқан  жеріне  және  сұралып  отырған
            нысаналы мақсатына қарай жүзеге асырады (44-бабы).

                  Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңының 35-бабының
            6-тармағына  сәйкес  ауыл,  ауылдық  округ  әкімі  өз  құзыретi  шегiнде  жер
            қатынастарын реттеудi жүзеге асырады делінген.
                  Жер  кодексінің  43-бабына  сәйкес  жер  учаскесiне  құқық  беру  тәртібі
            келесідей:
                  1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
                  2)  сұралып  отырған  жер  учаскесін  аумақтық  аймақтарға  бөлуге  сәйкес

            мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
                  3) жер учаскесін алдын ала таңдау;
                  4) жер комиссиясының қорытынды дайындауы;
                  5) жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
                  6) облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына
            берілген аумақта), ауданның жергiлiктi атқарушы органының және кент, ауыл,
            ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
                  7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі

            (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;
                                                           33
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38