Page 35 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 35

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                   Шешу жолдары:
                   Округ әкімінің әрекеті:

                   1)  Екі тарапты шақырып мәмілеге келуді ұсынады;
                   2)  Туындаған мәселені заң аясында шешуді ұсынады;
                   3)  Халықты жинап, түсіндіру жұмысын жүргізеді;
                   4)  Жекеменшік  ұйымдардың  іс-әрекетіне  араласу  округ  әкімінің
                       құзыретінен тыс болып табылатындығын халыққа жеткізеді;
                   5)  Екі  тараптың  арасындағы  даулы  мәселелер  сот  органдарына  жүгіну
                       арқылы шешілетінін жеткізу.
                   Аудан әкімінің әрекеті:
                   1)  Округ әкімін шақырып, мәселені зерттейді;

                   2)  Осы мәселеге байланысты құзырлы органдарға тапсырма береді;
                   3)  Халық наразылығының ушығып кетпеуін қадағалайды;
                   4)  Округ әкіміне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырады.

                   Дайындаған: Айгүл Сейлхан, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
            басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының доценті



                   Кейс: Жер телімін беру туралы

                   Мәселе:
                    «Ардагерлер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2020  жылғы  6
            мамырдағы  Заңының  11-бабы  1-тармағының  4-тармақшасында  басқа
            мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ

            жеңiлдiктер  бойынша  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлеріне  теңестiрiлген
            ардагерлерге  жеке  тұрғын  үй  салу  үшін  жер  учаскелерін  біржолғы  бірінші
            кезекте алуды көздейтін әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылатыны көрсетілген.

                   Шешу жолдары:

                   Бұл  ретте,  аталған  мақсатқа  жер  учаскелерін  беру  Қазақстан

            Республикасының  2003  жылғы  20  маусымдағы  Жер  кодексінің  (бұдан  әрі  –
            Кодекс) 50-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
                   Сонымен  бірге,  Кодексте  басқа  мемлекеттердің  аумағындағы  ұрыс
            қимылдарының  ардагерлеріне,  сондай-ақ  жеңілдіктер  бойынша  Ұлы  Отан
            соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге жеке тұрғын үй құрылысы
            үшін жер учаскелерін алуға бірінші кезектегі құқық беру нормалары және жеке
            тұрғын  үй  құрылысына  жер  учаскелерін  кезектен  тыс  алудың  басқа  да

            нормалары көзделмеген.



                                                           35
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40