Page 45 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 45
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
отбасылық іс-шараға кешігіп бара жатқанымен және жол белгісін, сондай-ақ жол
полициясы қызметкерлерін байқамағанымен дәйектеді.
Шешу жолдары:
Қала әкімі жол қозғалысы ережесін бұзу, жол полициясы қызметкерлерінің
талаптарына бағынбау, медициналық куәландырудан бас тарту сияқты құқық
бұзушылық әрекеттерімен заңды жауапкершілікке тартылуы керек. Мұндай
жағдай мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының да заң алдында тең
екендігін көрсетеді.
Ол жеке автокөлігін жүргізіп келе жатқанда жол қозғалысы ережесін
бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек. Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі бойынша, жол
қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салу немесе көлік құралының
қозғалысын шектеу сияқты шаралар қарастырылған. Сондай-ақ, полицияның
заңды талаптарына бағынбағаны үшін де айыппұл салынып немесе көлік жүргізу
құқығынан айыру сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.
Егер қала әкімі алкоголь немесе басқа да есірткілік заттардың әсерінде
болуына күдік туындаса, медициналық куәландырудан бас тарту қосымша заң
бұзушылық болып табылады.
Қала әкімі лауазымды тұлға болғандықтан, оның заң бұзушылық
әрекеттері тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен бірге оның өз
қызметіне қатысты тәртіптік жауапкершілікті де талап етеді. Қала әкіміне қатысты
жергілікті атқарушы орган тарапынан қызметтік тергеу жүргізілуі тиіс.
Дайындаған: Рысбаева Сауле Жаксыбаевна, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент
қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты
Кейс: Мемлекеттік қызметшінің имиджі: қоғамдық пікір және БАҚ-тың
рөлі
Мәселе:
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері облыстық деңгейде
ұйымдастырылған жиналыс уақытында Ішкі саясат басқармасының бас маманын
ұйықтап жатқан күйінде видеоға түсірген. Осы жағдай жергілікті БАҚ-та
жарияланған және осылайша мемлекеттік қызметші имиджіне нұқсан келтіре
отырып, қоғам тарапынан негативті сынға ұшыраған.
Шешу жолдары:
45