Page 43 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 43

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                    Бұл  ретте,  «Ғылым  туралы»  Заңға  сәйкес  ғылыми  қызмет  дегеніміз  –
            зерделенетін  объектілерге,  құбылыстарға  (процестерге)  тән  қасиеттерді,

            ерекшеліктер  мен  заңдылықтарды  анықтау  мақсатында  қоршаған  болмысты
            зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет
            (1-баптың  1-тармағының  15)  тармақшасы).  Сондай-ақ,  аталған  Заңда  ғылыми
            және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті  жүзеге  асыратын  ғылыми
            ұйымдармен,  жоғары  оқу  орындарымен  еңбек  қатынастарында  тұратын
            ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми
            және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар
            ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті  жүзеге  асыратын  жеке
            тұлғалар болып табылатыны айқындалған (7-баптың 1-тармағы).


                    Дайындаған: Сариева Жамиля Алиакпарқызы, Қазақстан Республикасы
            Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару академиясының  Шымкент
            қаласы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске
            асыру кабинетінің аға оқытушысы



                    Кейс: Мемлекеттік қызметшіні бағалау мерзімі туралы

                    Мәселе:
                    Мемлекеттік қызметке ақпан айының басында қабылдандым.  Ал мамыр
            айында  ұлттық  қауіпсіздік  органының  арнайы  тексеруінің  оң  нәтижесін  алып,
            лауазымға  қайта  тағайындалдым.  Мені  бағалайтын  мерзім  қай  мерзімнен
            басталады?  Осы  лауазымға  қабылданған  кезден  бе  немесе  тағайындалған

            кезден бе?

                    Шешу жолдары:
                    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес
            мемлекеттік  қызметшілер  жұмысының  тиімділігі  мен  сапасын  айқындау
            мақсатында  олардың  жұмысын  бағалау  жүргізіледі.  Бұл  ретте,  азаматтар
            мемлекеттік  қызметші  мәртебесіне  заңнамада  белгіленген  тәртіппен

            мемлекеттік  лауазымға  тағайындалған  немесе  сайланған  кезден  бастап  ие
            болады және мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады.  Өз
            кезегінде,  мемлекеттік  қызметке  алғаш  рет  кіретін  немесе  оны  тоқтатқаннан
            кейін  қайтадан  кіретін  азаматтарды  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымға
            тағайындау  арнайы  тексерудің  оң  нәтижелері  алынғаннан  кейін  жүзеге
            асырылады.  Осылайша,  қызметшіні  бағалау  үшін  қажетті  мерзім  оны
            мемлекеттік қызметке тағайындаған сәттен басталады.




                                                           43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48