Page 44 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 44

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                    Дайындаған: Сариева Жамиля Алиакпарқызы, Қазақстан Республикасы
            Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару академиясының  Шымкент

            қаласы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске
            асыру кабинетінің аға оқытушысы


                    Кейс: Мемлекеттік қызметшіге бонус төлеу туралы

                    Мәселе:
                    Мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезеңде мемлекеттік орган ішінде
            бір  лауазымнан  басқа  лауазымға  немесе  бір  мемлекеттік  органнан  басқа

            мемлекеттік  органға  ауысқан  жағдайда,  бағалаудың  нәтижесіне  сәйкес  бонус
            қалай төленеді?

                    Шешу жолдары: Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу
            қағидаларына    сәйкес,  егер  «Б»  корпусы  қызметшісінің  бағаланатын  кезеңде
            нақты  лауазымда  болу  мерзімі  үш  айдан  кем  болған  жағдайда,  бағалау

            өткізілмейді.  Осылайша,  жұмыстан  босатылған  қызметшілер  бағаланатын
            кезеңде  (күнтізбелік  жылда)  нақты  лауазымда  кемінде  үш  ай  жұмыс  істесе
            мемлекеттік органмен бағалауға жатады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге
            бонустар  төлеу  жыл  қорытындысы  бойынша  олардың  қызметін  бағалау
            нәтижелері  бойынша  жүзеге  асырылады,  ал  жұмыстан  шығу,  еңбек
            қатынастарын  бұзу,  ротациялау  болған  жағдайда  мемлекеттік  әкімшілік
            қызметшілерге бонустар төлеу жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде
            қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.


                    Дайындаған: Сариева Жамиля Алиакпарқызы, Қазақстан Республикасы
            Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару академиясының  Шымкент
            қаласы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын ілгерілету және іске
            асыру кабинетінің аға оқытушысы



                   Кейс:  Қала  әкімінің  жол  қозғалысы  ережесін  бұзуы:  тәртіпсіздік  және
            жауапкершілік мәселелері

                   Мәселе:
                   Көлік көп жүретін жол қилысында қала әкімі жұмыстан тыс уақытта жеке
            автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол қозғалысы ережесін бұзған, бұл ретте ол
            жол  полициясы  қызметкерлерінің  машинаны  тоқтату  туралы  талаптарын
            ескермеген.  Бұдан  басқа,  ұсталғаннан  кейін  бұзушылық  жасаған  тұлға

            медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Өзінің заңсыз әрекетін әкім
                                                           44
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49