Page 40 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 40

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


            Сонымен  қатар,  мемлекеттік  қызметшілердің  тәртіпсіз  әрекеттеріне  қатысты
            қоғамда  түсіністік  қалыптастыру  үшін  ашықтық  пен  адалдық  қағидаттары

            негізінде жұмыс істеу қажет.

                   Дайындаған:  Рысбаева  Сауле  Жаксыбаевна,  Қазақстан  Республикасы
            Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  Шымкент
            қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты

                  Кейс: Әдеп мәселесі

                  Мәселе:

                  Ауылдық округ әкімі көшені жарықтандыру  жұмыстары бойынша  ЖШС-
            мен келісім шарт жасайды.
                  Уақыт өте келе ауыл тұрғындары аталмыш жұмыстардың жүзеге аспағанын
            және  көшеде  жарықтандыру  жұмыстары  жасалмағанын  айтып  округ  әкіміне
            шағымданады.
                  Ауылдық  округ  әкімі  осы  жағдайдың  мән-жайын  білу  мақсатында  ЖШС

            директорын әкімшілікке шақыртады. Әңгіме барысында екі жақ мәмілеге келе
            алмай дауыс ырғағын жоғарылатып сөйлеседі. ЖШС директоры ұялы телефонын
            алып шығып барлық болып жатқан мәселені ұялы телефонына түсіретінін мәлім
            етеді. Алайда ашуға берілген ауылдық округ әкімі бейәдеп сөздермен сөйлегенін
            байқамай  қалады.  Телефонға  жазылған  бейнетаспа  ауылдық  округ  әкіміне
            қатысты  жағымсыз  мақалалардың  әлеуметтік  желілерде  жарияланып  кетуіне
            себеппші болады. Ауылдық округінің әкімінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы
            мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сай ма?


                  Шешу жолдары:
                  Ауылдық округ әкімі өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік
            қызметшілерінің  әдеп  кодексінің  2-тарауы  мен  3-тарауының    бірнеше
            талаптарын сақтамаған.
                  Айта  кетер  болсақ,  мемлекеттік  қызметші  өз  жұмысы  барысында  қоғам
            игілігі үшін адал ниетпен, өз міндеттеріне шынайы көзқараспен, кез келген мән-

            жайлар  бойынша  біржақтылық  пен  субъективтілік  себебінен  адамдарды
            кемсітуге  жол  бермеуге  тырысу  керек.    Күнделікті  өмірде  жұртшылықпен
            жұмыс  істеуге  дайын  екенін  көрсете  біліп,  өз  іс-қимылының  ашықтығын
            қамтамасыз  етуі  тиіс.  Сонымен  қатар  тұлғалармен  қарым-қатынас  кезінде
            қарапайым  болып,  жалпыға  бірдей  қабылданған  моральдық-әдептік
            нормаларды  сақтап,  шындыққа  сәйкес  келмейтін  мәліметтерді  таратпай,
            мемлекет  мүдделеріне  және  азаматтардың  құқықтарына  нұқсан  келтіретін
            әрекеттерге қарсы тұру талаптарын ұстана білу керек.



                                                           40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45