Page 7 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 7
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
КІРІСПЕ
Бұл кейстер жинағында жергілікті басқару саласын кәсібилендірудің
ерекшеліктері қарастырылады. Кейстердің тақырыбы аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің қызметін
әлеуметтік зерттеу нәтижелері негізінде ұсынылған. Бұл материалда кейстер
мен оларға қатысты шешімдердің нұсқалары, әкімдерге қызмет барысында
қажет болатын кейбір ұсынымдар берілген, сондай-ақ онда басқару құралдары
да сипатталған.
Жинақ әкімдерге, мемлекеттік қызметшілерге, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының білім
алушылары мен тыңдаушыларына, оқытушыларға, мемлекеттік қызмет және
мемлекеттік жергілікті басқару мәселелерімен айналысатын сарапшыларға
арналған.
Академия қызметкерлері Академия базасында және барлық облыс
орталықтарындағы филиалдарда оқытылатын тренингтер мен семинарлар
аясында әкімдерді қажетті кәсіби құзыреттілік бойынша оқытуға қатысты
ұсынымдар әзірледі. Зерттеуге қатысқан ауылдық округтердің, кенттердің,
ауылдардың және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері, ҮЕҰ және бизнес
секторының өкілдері әкімдердің кәсіби қызметі барысында кездесетін
проблемалар туралы айтып, өздерінің шешу әдістерін ұсынды.
Жинақта кейстер қазақ/орыс тілдерінде түпнұсқада, автордың өзі ұсынған
нұсқада беріліп отыр.
6