Page 12 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 12

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                                     I.     Әлеуметтік-экономикалық мәселелер


                  Кейс: Ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімді қалай арттыруға болады?

                  Мәселе:
                  Қызметке  сайланғаннан кейін кез келген ауылдың әкімі, ең алдымен, ауыл
            бюджетіне байланысты қиындықтарға тап болады. Қазіргі кезде ауылдық округ
            бюджетінің  90-95  пайызы  жоғары  тұрған  бюджеттен  берілетін  субвенцияға
            тәуелді, өз кірістерінің үлесі өте төмен болып табылады. Сондықтан өз  кірістерін
            арттыру жолдарын қарастыру маңызды.


                 Шешу жолдары:
                 Оны шешудің бірден бір жолы ретінде төмендегі ұсыныстарды беруге
            болады:
                1.  Мүлік  салығының  көлемін  арттыру.  Ол  үшін  мүліктерге  қайта  бағалау
                    жүргізу қажет.
                2.  Жаңадан салынған құрылыстардың уақытылы тіркелуін қадағалау немесе

                    үйлестіру бағытында жұмыстар жүргізу керек.
                3.  Тұрғын  үйлер  бойынша  5  теңгеге  есептелген  мүлік  салығы  да  бар.
                    Сондықтан  осы  төлейтін  салық  базасының  ең  төменгі  мөлшерлемесін
                    бекіту жолдарын қарастыру қажет.
                4.  Ауылдық  округтерде  жүрген  көліктердің  жергілікті  жерге  тіркелуін
                    үйлестіру.
                5.  Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмерлерімен жүрген көліктердің
                    тіркелуін, көлік салығының  төленуін қадағалау.


                   Дайындаған:  Садикова  Света  Бакитбековна,  Қызылорда  облысының
            Тексеру  комиссиясы  Мемлекеттік  аудит  бөлімінің  бас  инспекторы-
            мемлекеттік аудитор





                   Кейс: Коммуналдық техника

                   Мәселе:
                   Ақтөбе  облысы  Ойыл  ауданы  Ащысай  ауылдық  округінде  коммуналды
            техниканың  жоқтығы  ауыл  әкімдігі  жұмысына  жағымсыз  ықпал  етеді.
            Коммуналдық техника ауылды қатты тұрмыстық қалдықтардан, қыстан шыққан

            малдың  тезегінен  тазарту  үшін  керек.  Мысалы,  Ащысай  ауылдық  округіндегі
            2022-2024 жылдары жиналған тұрмыстық қалдықтар көлемі 450 тоннадан 800
            тоннаға өсті.

                                                           11
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17