Page 9 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 9
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ
өткізілген сұхбат нәтижелері негізінде әзірленді. Әкімдер көтерген негізгі
мәселелер төменде келтірілген.
Сұхбат берушілердің айтуынша, сайланған әкімдер өз салаларында білікті
мамандар болса да, ауылдық жерлерде жұмыс көлемінің көптігіне байланысты
туындайтын мәселелерді шешу үшін әртүрлі бағыттағы салалар бойынша
білімнің жетіспеушілігі байқалады. Бұған қоса барлық әкімдер дерлік білікті
кадрлардың жетіспеушілігін және штаттың аздығын атап өткен. Көтерілетін
мәселелердің басым көпшілігі қаржының бөлінуіне байланысты болады.
Көптеген әкімдер мемлекеттік сатып алуды ресімдеу барысында туындайтын
мәселелерді атап өтеді. Осыған орай, көптеген ауылдық округтердің басшылары
заңгер штаттық бірлігі қажет деп санайды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары
психологиялық кеңес беру немесе халықпен қарым-қатынас және эмоцияларды
басқару дағдыларына оқыту қажеттілігі туралы айтады.
Ауылдық округ әкімінің айтуынша: «Психологиялық сәтті де ескеру керек,
өйткені жұмыс барысында психологтың көмегі өте маңызды. Ал бізде бұл сала
қажетті деңгейде дамымаған. Психологтардың көмегін біз тек оқуда сезіндік.
Оқудан өткеннен кейін мен өз қызметкерлеріме психологқа баруды немесе бізді
оқытқан психологтарға баруды ұсындым. Біз жүмыс барысымен әртүрлі
адамдармен сөйлесеміз, олар ашулы болып, наразылық білдіруі мүмкін және
мұндай жағдайларда психологиялық тұрғыда даму мен тұрақтылық өте
маңызды».
Әкімдердің пікірінше, ауылдық жерлерде проблемалар туындаған сәтте
және халық тарапынан тез арада шешуді талап ететін сауалдар келіп түскен
кезде келісу, шарттарға қол қою процесінің және басқа да бюрократиялық
рәсімдердің ұзақ уақыт алуына байланысты мәселені шешу мерзімі
кешіктіріледі. Нәтижесінде, бұл ауыл тұрғындарының наразылығын тудырып,
әкімнің имиджіне теріс әсерін тигізеді.
Әкімдер оқуға оң көзқарастарын білдіріп, жүйелі түрде оқытудың
қажеттілігін әрі маңыздылығын жеткізді. Әкімдердің басым көпшілігі үш жылда
бір рет жүргізілетін оқудан өтті, енді қызметкерлерін де оқытуды ұсынады.
8