Page 8 - СБОРНИК КЕЙСОВ_03.04.2025 (002)_
P. 8

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
                                                                                   КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ


                                               Ағымдағы жағдайды талдау

                   Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару
            және  өзін-өзі  басқару  жүйесі  біртіндеп  реформадан  өтуде.  «Қазақстан
            Республикасындағы             сайлау       туралы»        Қазақстан        Республикасының
            Конституциялық  заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»

            2021  жылғы  25  мамырдағы  Конституциялық  заңға  сәйкес  әкімдерді  тікелей
            сайлау,  оларды  саяси  партиялардың  атынан  кандидат  ретінде  ұсыну,  өзін-өзі
            ұсыну,  сонымен  қатар  жоғары  тұрған  әкімдердің  ұсынуына  қатысты  рәсімдер
            енгізілді. Бұған дейін кез келген деңгейдегі әкім мемлекеттік лауазымды тұлға
            саналып, мұндай лауазымға тек жоғары тұрған органның тағайындау тәртібімен
            орналаса  алғанын  айта  кеткен  жөн. Ауыл  әкімдерінің  тікелей  сайлауын  өткізу

            туралы тапсырманы ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев 2021 жылы «Жаңа жағдайдағы
            Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берді.
                   Әкімдерді  тікелей  сайлау  бастамасы  ҚР  Конституциясының  және
            мемлекеттік  жергілікті  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы  заңнаманың
            нормаларында  көзделген  жергілікті  өзін-өзі  басқару  институттарының  кең
            таралған        тәжірибесін         енгізу       арқылы         мемлекеттік         басқаруды
            орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп
            іске асыруға бағытталған.
                   Жергілікті өзін-өзі басқару тетігі ретінде азаматтарға аудандық маңызы бар

            қалаларда, ауылдық округтерде, кенттер мен ауылдарда басқаруға нақты қатысу
            құқығын беру арқылы билікті жүзеге асырудың демократиялық принциптеріне
            негізделеді.    Жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  атқарушы  органының  қызметі
            мемлекеттік  ауқымдағы  да,  жергілікті  маңызы  бар  да  міндеттерді  шешуге
            бағытталғанын  атап  өткен  жөн.  Регламенттелген  талаптарды  ескере  отырып,
            жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органы басшысының бойында тек кәсіби

            құзыреттер  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқарушылық,  коммуникативтік  және
            басқа да дағдылар болуы қажет. Сонымен бірге шешім қабылдау, мемлекеттік
            басқару жүйесінде тігінен көлденеңінен тиімді өзара іс-қимыл жасай білуге тиіс.
                   Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер
            әкімдерінің алғашқы сайлауы 2021 жылғы шілде айында өткізілді. Әлеуметтік
            тәжірибе  енді-енді  қалыптасуда,  осыған  орай  зерттеу  жұмысы  осы  саланы
            зерттеуге бағытталып отыр.
                   Жоба  аясында  зерттеу  ауылдардың,  кенттердің,  ауылдық  округтердің

            және  аудандық  маңызы  бар  қалалардың  әкімдерін  оқытуға  деген
            қажеттіліктерді анықтауға және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге
            бағытталған.
                   Барлық  берілген  кейстер  мен  шешу  жолдары  ауылдық  округтердің,

            ауылдардың, кенттердің және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен

                                                            7
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13