Page 24 - Академиялық саясат
P. 24

15.2. Әрбір оқытушы пәннің ерекшелігіне байланысты Академиядағы Бағалау
            жүйесі негізінде сабаққа қатысуды міндетті түрде ескере отырып, пән бойынша барлық
            оқыған  уақыт  ішіндегі  бағалау  баллдарын  жинақтау  саясаты  мен  тетігін  дербес
            анықтайды.
                   15.3.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  тексеру  үшін  оқытушыға  білім
            алушылардың  білімін  бақылаудың  мынадай  түрлері  ұсынылады  (бірақ  олармен
            шектелмейді) :
                   ағымдағы бақылау;
                   аралық бақылау;
                   қорытынды бақылау.
                   Бұл ретте, оқытушы бақылаудың қандай да бір түрін таңдауды және салмақтық
            арақатынасын  дербес  анықтайды  және  қорытынды  бақылаудың  үлесі  қорытынды
            бағаның 50%-ынан аспауы тиіс шарты ескеріледі.
                  15.4.  Барлық  білім  бақылауы  түрлерінің  нысандарын  тиісті  пәннің  оқытушысы
            анықтайды және пәннің силлабусында көрсетіледі.
                  15.5. Ағымдағы кезеңнің барлық пәндері бойынша бақылау нысанын жетекшілік
            ететін вице-ректор емтихан сессиясынан бір ай бұрын бекітеді.
                  15.6. Оң бағаны неғұрлым жоғары деңгейге көтеру мақсатында барлық бақылау
            түрлерін қайта тапсыруға жол берілмейді.
                  15.7. Оқытушы қорытынды бақылау нәтижелерін емтихан аяқталғаннан кейін 48
            сағат ішінде Академияның ақпараттық жүйесіне енгізеді.
                  15.8.  БСО  қорытынды  бақылау  кестесін  (емтихан,  емтихан  сессиясы  немесе
            аралық аттестаттау) академиялық күнтізбеге сәйкес, Институт/МСҰМ директоратының
            келісімі бойынша жасайды және жетекшілік ететін вице-ректормен бекітіледі. Сабақ
            кестесі оқытушылар мен білім алушыларға емтихан сессиясы басталғанға дейін 2 (екі)
            аптадан кешіктірілмей хабарланады.
                  15.9. Емтиханды ОПҚ арасынан тиісті пән бекітілген оқытушы қабылдайды. Ол
            болмаған        жағдайда       емтиханды         Институт/МСҰМ          директоры       немесе
            Институттың/МСҰМ-ның  ОПҚ  қатарынан  Институт/МСҰМ  директоры  тағайындаған
            оқытушы қабылдай алады. Пәннің ерекшелігіне және білім бақылауының нысанына
            қарай  емтиханды  бірнеше  оқытушылардан  (оқытушының  және  Институт/МСҰМ
            директоратының  қалауы  бойынша)  тұратын  комиссия  қабылдай  алады,  оны
            Институт/МСҰМ директоры құрады.
                  15.10. «FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда
            білім алушының оқу пәні/модулі бағдарламасын қайта өтпей, академиялық күнтізбеге
            сәйкес  пән/модуль  бойынша  қорытынды  бақылауды  (емтиханды)  бір  реттен  артық
            емес қайта тапсыруға мүмкіндігі бар.
                  15.11. «F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда
            білім  алушы  осы  оқу  пәніне/модульге  қайта  жазылады,  оқу  сабақтарының  барлық
            түрлеріне  қатысады,  бағдарламаға  сәйкес  оқу  жұмысының  барлық  түрлерін
            орындайды  және  пән/модуль  бойынша  қорытынды  бақылауды  (емтиханды)  қайта
            тапсырады.  Алдағы  семестрде/семестрде  және/немесе  оқытудың  модульдік
            форматындағы ББ-да «қанағаттанарлықсыз» баға алған пән болмаған жағдайда, білім
            алушының  өтінішін  тиісті  Институт/Мектеп  директоратында,  Академиялық  сапа
            жөніндегі кеңесте қарау кезінде және Ғылыми кеңестің оң шешімі болғанда оқу пәнін
            ұқсас, кредиттердің мазмұны мен саны бойынша сәйкес келетін оқу пәніне ауыстыруға
            болады.
                  15.12. ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім алушыға ректор қол қойған және мөрмен
            бекітілген транскрипт жазылады. Транскриптке міндетті түрде «қанағаттанарлықсыз»
            баламасына сәйкес келетін FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау
            (емтихан) бойынша алынған барлық бағаларды көрсете отырып, білім алушы оқыған
            барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29