Page 10 - Технология каз_
P. 10

Магистратура мен
                                                                            докторантураның білім беру
                                                                            бағдарламалары бойынша
                                                                            конкурстық іріктеу кезеңдерін
                                                                            өткізу технологиясының
                                                                            В қосымшасы

                                                      Міндеттеме

                   Мен, ___________________________________________________________
                                         (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
            Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясына
            (бұдан әрі – Академия) оқуға түсуге үміткер, конкурстық іріктеу кезеңдерінен өту барысында
            маған белгілі болған ақпараттың маңыздылығы мен құпиялылығын түсіне отырып, мынадай
            ұсынымдарды сақтауға және тыйым сипатындағы әрекеттерді жасамауға міндеттенемін:
                   1) Академияның конкурстық комиссиясының мүшелерімен келіссөздер жүргізбеуге;
                   2) конкурстық іріктеу кезеңдерінің мазмұнын жария етпеуге;
                   3) қабылдау-беру электрондық құрылғыларын (смартфондар, планшеттер және өзге де
            электрондық  жабдықтар),  оқу  материалдарын  және  басқа  да  ақпарат  көздерін  өзімен  бірге
            алып жүрмеуге және пайдаланбауға;
                   4)  онлайн  форматта  конкурстық  іріктеу  кезеңдерінен  өту  кезінде  кіріктірілген  веб-
            камерасы,  микрофоны  бар  немесе  сыртқы  камерасы  мен  микрофоны  қосылған,  сондай-ақ
            Chrome  браузері  орнатылған  дербес  компьютердің  болуына.  Тұрақты  жұмыс  істеу  үшін
            Chrome браузерін қосу міндетті болып табылады, ол интернет жылдамдығын кемінде сек.
            /5  мбит  қамтамасыз  ете  отырып,  сапалы  байланыс  орнатуға  мүмкіндік  береді  (Safari,
            Internet Explorer, Mozilla және басқа браузерлерді пайдаланбаған жөн, өйткені олар қажетті
            форматты қамтамасыз ете алмайды);
                   5) іріктеуден өту парақшасынан шықпауға, ұйымның ақпараттық қауіпсіздік қызметі
            бұғаттап  тастау  ықтималдығына  байланысты  жұмыс  орнында  желілік  интернетті
            пайдаланбауға, қосымша парақшаларды немесе терезелерді ашпауға, скриншот жасамауға;
                   6) оқу материалдарын және басқа да ақпарат көздерін пайдаланбауға;
                   7)  пернетақтаны  жылжытпауға,  жан-жаққа  қарамауға,  басты  бұрмауға,  бұрылмауға,
            сөйлеспеуге;
                   8) бөгде адамдарды тартпауға;
                   9) басты қимылдатпауға;
                   10) жұмыс үстелінен тұрып кетпеуге, компьютерден алыстамауға.

                   Академияда конкурстық іріктеуден өту кезінде аудио және бейне жазбаларды жүзеге
            асыруға,  сондай-ақ  менің  бейнемді  (визуалды  контентті)  оқу  мақсаттарында  пайдалануға
            қарсы емеспін.
                   Академияға оқуға түсуге арналған конкурсты өткізу технологиясымен таныстым.

                   ________________                                                            20__ жылғы «____»_______
                                         (қолы)
   5   6   7   8   9   10