Page 5 - Технология каз_
P. 5
1) Білім тереңдігі. Толық, егжей-тегжейлі, негізделген жауап. Өзінің кәсіби
қызметінің бағыты бойынша хабардар болу деңгейі жоғары. Стратегиялық және
бағдарламалық құжаттарды терең білу және талдау.
2) Өзін-өзі дамытуға ұмтылу. Нақты білім мен дағдыларды алуға деген
ынтасы, бағдарламаны таңдау және Академияға түсу мотивтері, өздерінің күшті
және әлсіз жақтарын білу. Оқу аяқталғаннан кейін алынған кәсіби құзыреттерді
қолдану перспективалары туралы пайымы (көзқарасы).
3) Стратегиялық ойлау. Саланың ұзақ мерзімді даму үрдістерін түсіну,
мүмкіндіктер мен жетістіктің сыни факторларын көре білу. Тәуекелдерді және
оларды жеңу жолдарын анықтау. Белгісіздік деңгейі жоғары жағдайларда жұмыс
істеу тиімділігі.
4) Коммуникативтік дағдылар (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын). Жүйелілік
пен логика, жеткізудегі дәлелділік, негізделген тұжырымдар мен практикалық
ұсыныстар. Өз көзқарасын қысқаша, репрезентативті және толық жеткізе білу.
Әңгімелесушіні әңгімеге тарта білу, жақсы әсер қалдыру (өзін көрсете білу
қасиеті). Эмоционалды күйін бақылау.
11.3. Сұхбатты конкурстық комиссия мүшелері жеке бағалайды. Сұхбат
нәтижелері үміткердің жеке кабинетінде орташа алынған баға түрінде қойылады.
12. Докторантура бағдарламаларына түсетін үміткерлер үшін үшінші
кезең: зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалау.
12.1. Зерттеу жұмысы жоспарының жобасында зерттеудің өзектілігі, сыни
талдау, болжамды әдістері және проблеманы/мәселені шешудің ықтимал
жолдары баяндалады.
Жоба тек тақырыпты ашу үшін қажетті ақпаратты қамтуы керек, сауатты
жасалуы керек, құрылымы қисынды, анық болуы керек;
Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы автордың теориялық ұғымдарды,
терминдерді, жалпылауды, дүниетанымдық идеяларды білетіндігін және
мағыналы пайдаланатынын көрсетуі, сондай-ақ мәлімделген проблема/мәселе
бойынша ұстанымның дәлелін қамтуы тиіс;
Зерттеу жұмысы жоспары жобасының көлемі – мына тілдердің бірінде
1500 сөзден аспайды: қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде.
Зерттеу жұмысы жоспарының жобасы авторға және көшіріп алу
дереккөзіне сілтеме жасамай, көшіріп алынған материалды
пайдалану/пайдаланбау (плагиат) тұрғысынан міндетті тексеруден өтеді.
Егер сараптамалық қорытындының нәтижелері бойынша зерттеу жұмысы
жоспарының жобасы мәтінінің түпнұсқалығы 75%-дан кем болған жағдайда,
үміткер конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
12.2 Зерттеу жұмысы жоспарының жобасын бағалау критерийлері:
1) стратегиялық және сыни ойлау;
2) сандық, вербалды және басқа да ақпаратты талдай білу және зерделенген
ақпарат негізінде сараланған шешімдер қабылдай білу;
3) жаңашылдық (инновативтілік) және өзгерістерді басқару (жаңа
идеяларды ұсыну, ерекше шешімдерді табу, іс-қимыл нұсқаларын ұсыну);
4) академиялық жазылым талаптарына сәйкестігі, грамматикалық,
орфографиялық және стилистикалық қатесіз құрылымдалған жазба (кіріспе,