Page 9 - Технология каз_
P. 9
Магистратура мен
докторантураның білім беру
бағдарламалары бойынша
конкурстық іріктеу кезеңдерін
өткізу технологиясының
Б қосымшасы
Құпиялық саясаты
Мен, ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
(бұдан әрі – Академия) сұхбат бойынша сараптау комиссиясының мүшесі сараптау
комиссиясының мүшесі мәртебесінде сұхбат алу үшін ешқандай шектеулер жоқ екендігін
растаймын, атап айтқанда:
1) Академияға оқуға түсуші үміткердің жұбайы, жақын туысы (осы үміткерлердің
жұбайларының жақын туысы) емеспін;
2) үміткерлерге тікелей бағынбаймын.
Академияға үміткерлерді іріктеу рәсімдері кезінде маған белгілі болған ақпараттың
маңыздылығы мен құпиялығын түсіне отырып, мен өзіме келесі міндеттемелерді
қабылдаймын:
1) оқуға қабылдау рәсіміне қатысуыма байланысты мәліметтер мен жарияланымдар
(соның ішінде әлеуметтік желілерде) жасамауға;
2) сұхбаттасу кезінде жеке кабинеттен шықпауға (30 минут);
3) үміткерлерден және олардың мүдделерін білдіретін адамдардан сыйақы (несие,
ақшалай және басқа да сыйақы, қызметтер, сауық, демалыс, көлік шығындары үшін төлем)
алмауға;
4) маған белгілі болған қолжетімділігі шектеулі ақпараттарды (балл, оқуға
қабылдау/қабылдамау туралы шешімдер, қорытынды бағалар) немесе Академияның
қызметтік ақпараттарын (және де оқуға қабылдау рәсімдері) маған жүктелген міндеттерді
орындаумен байланысты емес мақсаттарда жарияламауға және пайдаланбауға;
5) үміткерлерді іріктеу кезеңі уақытында телефонмен сөйлеспеуге;
6) жеке және заңды тұлғаларға көрінеу жалған мәліметтер мен ақпараттар таратпауға
міндеттенемін.
Академияға үміткерлерді іріктеу рәсімдерін жүргізу (сұхбаттасу) кезінде аудио-бейне
түсірілімдерді жүзеге асыруға және менің бейнемді (визуалды контентті) Академияның оқу
процесінде пайдалануға қарсылық білдірмеймін.
Академия басшылығына және комиссияның хатшысына өзім туралы ақпараттың кез
келген кейінгі өзгерістері туралы, әсіресе егер комиссия мүшесінің мәртебесіне қатысты
бұрын шектеулер болмаған болса, хабарлауға міндеттенемін.
________________ 20__ жылғы «____»_______
(қолы)